Заң және тәртіп
Қосшы қаласының прокуратурасын үйлестіру жұмысы кезінде кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеуден қасақана жалтару бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Атап айтқанда, борышкер 3 жылдан астам алимент төлеуге нақты мүмкіндігі бола тұра, өз міндеттерін орындау үшін шаралар қабылдамай, әрекетсіз болған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде борышкер жартылай алимент бойынша 1 172 249 теңге сомасында төлем жүргізіп, өндіріп алушы мен борышкер арасында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды.
Алимент жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамағаны үшін айыпкер екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру және 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға тартылатындығын еске саламыз.
Ақмола облысының прокуратурасы.
1 Total Views , 1 Views Today