Көктемгі егіс
Викторовка ауылындағы «Викторовское ГКК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егістік алқабында көктемгі егіс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұл күндері қуатты заманауи техника дала төсін үздіксіз дүбірге бөлеуде. Тоғыз тұқым себу кешені өзге де арнайы техникамен қосылып, топырақ өңдеп, дәнді және майлы дақылдар себуде, минералды тыңайтқыштар сіңіру де ұмыт қалған емес.
Биыл диқандар шаруашылық бойынша 17200 гектар алқапқа дәндідақылдар себеді. Яғни, 6 мың гектардан астам жұмсақ және 3 мың гектардан астам қатты бидай, 1328 гектар жерге арпа, 2816 гектарға жасымық, 1701 гектарға зығыр тұқымы себілетін болады. Екiншi жыл шаруашылық күнбағыс егiліп, тыңайған және көпжылдық шөптерге 2000 гектар қалдырылды. Механизаторлар «John Deere», «Buhler» және «Bourgault» компанияларының заманауи жабдықтарын басқарады.
Ағымдағы жылы серіктестік лизингке үш сепкіш пен «Horsch»бір тіркеме бүріккіш, екі өздігінен жүретін «John Deere»бүріккіштерін алып, егіс алдындағы және дән шыққаннан кейінгі топырақты өңдеу жұмыстарын толық атқарады.
– «Кең дала — 2» мемлекеттік жеңілдікті несие бағдарламасының арқасында наурыз айында қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай, гербицидтер, тыңайтқыштарды алдын ала сатып алдық әрі мұндай қолдау біз үшін өте маңызды, – дейді шаруашылық басшысы Виталий Гончаров.
Бұл шаруашылық басшысыныңменеджер ретіндегі бесінші егісі. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жыл сайын түрлі қиындықтарды еңсеруге мәжбүр. Мәселен, өткен жылы жауын-шашынның көп түсуінен гектарына 23,5 центнерден астық жиналды. Негізінен төртінші сұрыпты өнім алынды. Ауарайы тез жұмыс істеуге мүмкіндік беріп тұрғандықтан, егіс көлемі 70 пайызға жетіп үлгерген.
Серіктестікте 170 адам жұмыс істейді, кадр тапшылығы жоқ, жұмысшылардың орташа жасы 40-тан жоғары. Жергілікті студенттер де кәсіпорында қалып жұмыс істеп, тәжірибелі механизаторлардан сабақ алу үшін осындай науқандық жұмыстарға қатысады. Егістік жұмысшыларын егіс алқабына апарып-алып келу тегін түскі ас беру ұйымдастырылған.
Маусым кезіндегі орташа жалақы 500 мың теңгеден және одан да жоғары. «Викторовское ГКК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қазақстанның астық консорциумы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне кіруіне байланысты жұмысшылардың жалақысы айтарлықтай өсіп, ауыл жастарының ауыл шаруашылығы саласына деген қызығушылығы арта түскен.
Бизнес өкілдері әлеуметтік жауапкершілікті де ұмытпайды, жергілікті мектеп пен шағын орталыққа көмек көрсетеді, қарттарға қамқорлық жасайды, маңызды даталарға арналған мерекелік шараларға қатысады. Қыста 15 шақырым ауылішілік жолдарды тазартса, қарлы боран кезінде балаларды мектепке апарады.
Қазіргі уақытта серіктестік атқарушы органдармен бірлесіп, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған спорттық жарыстарға дайындық үстінде. Оған тоғыз облыстан жас спортшылар шақырылған.
Ал, алда шөп науқаны мен күзгі орақ тұр. Бір сөзбен айтқанда, жұмысбарлығына жетеді.
Вероника БУРДА,
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Суретте: шаруашылық агрономы Өміржан ҚОЖАХМЕТОВ.
Суретті түсірген Нұрболат БЕКТҰРҒАНОВ.
Зеренді ауданы.