Әлі де бір жүйеге келтіретін мәселелер бар

Министр сапары

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақмола облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі емдеу мекемелерінің басшыларымен кездесіп,  атқарылған жұмыстарға назар аударды.

Жаңа жылда – жаңа тарифтермен

Кездесуде осы туралы айтылды. Өйткені, медициналық қызметтерге тарифтер көтерілсе, науқасты емдеуге кететін шығын Міндетті медициналық сақтандыру қорының осыған бөлінген қаржысынан айтарлықтай асып кеткен жағдайда ауруханалардың шығынмен жұмыс істеу қаупі аз болады. Бұл бірінші кезекте онкогематологиялық қызметтерге, шұғыл және алғашқы медициналық-санитарлық көмекке, жұқпалы ауруларға, кардиология, неврология, нефрологияға әсер етеді.

Тарифтердің көтерілуі – ел Президенті қол қойған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан туындайтын шаралардың бірі.

– Бұл стратегиялық шешім саланы алдағы ұзақ жылдарға тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етіп, шығыстардың тиімділігін арттырып, медициналық сақтандыру жүйесі әділетті болып, еліміздің әрбір азаматының мүддесі үшін жұмыс істейтін жағдай туғызады, – деген Ақмарал Шәріпбайқызы қабылданған құжаттың маңыздылығын айқындап берді.

Оның негізгі басымдығы – денсаулық сақтаудың бюджеттік-сақтандырудан толық сақтандыру моделіне кезең-кезеңімен көшуді жеделдету. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласы мемлекеттен 65 пайызға, ал, сақтандыру төлемдері 35 пайыз ғана қаржыландырылады. Бес жылдан кейін бұл ара-қатынас екінші компоненттің пайдасына күрт өзгеруі керек.

Заң авторларының айтуынша, осылайша ғана денсаулық сақтау саласын қаржыландырудағы жылдан-жылға сақталып келе жатқан сыни тапшылықты жоюға болады. 2025 жылы ол 230 миллиард теңгені құрады. Тапшылық ең алдымен, тегін медициналық көмектің мемлекеттік көлемін есептеудің жетілмегендігінен туындап отыр. Енді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жүйесінен міндеттемелердің бір бөлігі МӘМС жүйесіне ауысады. Үнемделген ақша тарифтерді көтеруге жұмсалады.

Науқастардың өңірден шықпай-ақ, жергілікті жерде медициналық көмек алу мүмкіндігі артады. Соңғы жылдары көптеген облыстық ауруханалар қаржыны үнемдеу мақсатында төсек-орындарын азайтып, кейбір жұмыс бағыттарын алып тастады. Осыдан кейін республикалық медициналық орталықтарға науқастардың үлкен легі барады. Ауруханаларды жоспарлы жөндеу жұмыстары бір мезгілде әртүрлі бағыттағы төсек қорын ұлғайтуға, кадрларды даярлауға мүмкіндік береді.

Біздің облыстың ерекшелігі – халқы аз аудан орталықтары. Ауылдарда да көбінесе 200-ге тарта тұрғын болмайды. Бірақ, олардың барлығында дерлік медициналық мекемелер бар. Демек, министрдің айтуынша, «материалдық және еңбек ресурстары тозып барады. Аудандық ауруханаларды біріктіру керек».

Енді медициналық ұйымдардың міндетті медициналық сақтандыру қоры (ММСҚ) сарапшыларының күмәнді қорытындыларына дау айту мүмкіндігі көбірек болады, шағымдарды беру мерзімдері ұзартылды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» комерциялық емес акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Тәжібаева тағы да бүкіл денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды өзгерту қажеттілігіне тоқталды. Заң жобасын әзірлеу кезінде экономикалық және демографиялық факторлар, оның ішінде 2018 жылмен салыстырғанда халық санының 7 пайызға өсуі, 60 жастан асқандар арасында медициналық көмекті алғашқы тұтынушылар санының – 28 пайызға, 18 жасқа дейінгілердің – 27 пайызға артуы ескерілді.

Бүгінде 16,7 миллионға жуық қазақстандық немесе бүкіл халықтың 82,3 пайызы сақтандырылған. Оның 12,1 миллионы жеңілдетілген санаттағылар. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен тыс – 3.3 миллион. Олардың көпшілігінің, яғни, – 2,4 миллионының өмір сүру деңгейі қанағаттанарлық және айына 4250 теңге төлей алады.

Бір миллион адам үшін жергілікті атқарушы органдарға осы азаматтардың медициналық көмекке жүгінуіне қарай жергілікті бюджеттен төленетін болады. Бұл шара халықтың осал топтарының жекелеген санаттары үшін жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттырады деп күтілуде.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің тартымдылығын арттыру мақсатында, тіпті төлемдер уақытша болмаған жағдайда да сақтанушы мәртебесін үш айдан алты айға дейін ұзарту нормасы енгізілді. Бірақ, бұл бес жыл бойы жарналарды үздіксіз төлеу шартымен ғана. Тағы бір маңызды жаңалық, ол медициналық қызметтерге 200 АЕК-тен артық ақы төленсе, ақаулық мәртебесінен бұзушылық мәртебесіне ауыстырылады, ал, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органға беріледі.

Сіз дәрігерге келдіңіз, бірақ сақтандырылмағансыз…

Республикалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының басшысы Айгүл Қасымова берген ақпаратта, ең алдымен, қандай да бір себептермен сақтандыру жүйесінен тыс қалғандар айтылады. Тегін медициналық көмек көрсету мемлекеттік қорының базалық пакетінде бастапқы емдеу, шұғыл медициналық көмек, диагностика, 11 әлеуметтік маңызы бар ауру бойынша стационарлық және алмастырғыш көмек, қант диабеті, глаукома, вирустық гепатиттерді қоса алғанда, кейбір ауруларға скрининг, онкологиялық скринингтік тексерулер сақталады. Оған қосымша өмірге қауіп төндіретін жағдайларда жедел стационарлық көмек, паллиативтік көмек беріледі. Бұл іс жүзінде тәжірибеде қалай көрінеді? Яғни, сақтандырылмаған азамат учаскелік дәрігерге барады. Бастапқы қабылдау кезінде дәрігер алдын ала диагноз қояды, ұсыныстар береді және ауруды емдеудің шамамен құнын айтады. Мысалы, екінші типті қант диабеті үшін – 600 000 теңгеден жоғары. Сақтандыруды алуға мотивациясы, біз көріп отырғандай, маңызды. Медициналық ұйымдарға тіркелу сақтандыру мәртебесіне байланысты емес. Сондай-ақ, скринингтерден өту де солай.

Лицензиялар мен сертификаттарды тексеру керек

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне алғаш рет қадағалау функциясы беріліп отыр, – деп атап өтті департамент басшысының орынбасары Нұрлан Айманов. – Бұл азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру үшін қажет.

Ақмарал Әлназарованың айтуынша, дәрігерлер комитет жауапты болатын келесі шараны біршама ерте, ал, айыппұл көлемін тіпті, қауіпті деп санайды. Бұл арада мәселе лицензиясыз қызмет туралы. Әрине, сізде лицензиялар мен сертификаттар болуы керек. Бірақ, аурухананың кардиологияға емес, айталық, терапияға лицензиясы бар жағдайлар аз емес. Ал, бұл көмек көптен бері және әдеттегідей көрсетіліп келеді. Бірақ, белгілі бір уақытта алынған лицензиялар мен сертификаттардың  жарамдылығы шексіз емес, беру шарттары үнемі өзгеріп отырады. Лицензиясыз қызмет үшін жалпы келісім-шарт құнының 10 пайыз мөлшерінде айыппұл белгілейтін заң адамдарды біраз уақытқа медициналық көмектен айыруы мүмкін.

Лицензиясыз қызмет анықталған жағдайда қадағалау актісімен медициналық ұйымдардың қызметі 90 күнге тоқтатылады, ал, тиісті анықтамасы жоқ маман жұмыстан шеттетіледі. Сондықтан, спикерлер облыстағы барлық медициналық мекемелер мен қызметкерлерге тез арада дәйекті тексеру жүргізу қажеттігін атап өтті.

 Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Нина МИТЧИНОВА.

Суреттер облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен алынды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар