Әкім – іс үстінде
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының директоры Жарас Қалдаровпен, Қазақстанның халық әртісі Жібек Бағысовамен және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Мырзаболатовпен кездесті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында өнер, мәдениет тұрғысында алға қойған келелі міндеттер сөз болды.
Театр қайраткерлерімен өткен кездесуде аймақ басшысы биыл 85 жылдық мерейтойын атап өткен Қазақстанның халық әртісі Жібек Бағысованың театр өнерін дамытуға қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.
Келесі жылы облыстық қазақ театрының құрылғанына 30 жыл толады. Соған орай, кездесуде театрдың осы мерейтойына дайындық мәселелері, атап айтқанда, өнер ұжымын толғандырып отырған материалдық-техникалық базаны жаңарту, шығармашылық құрамды қолдау және көрерменмен байланысты нығайту жайы талқыланды.
«Арқа жараның» өз ақпараты.
![]()

