Басыңда баспанаң болсын

Әлеуметтік қорғау

Аудан орталығы Державинск қаласында 2024 жылдың желтоқсан айында жаңа 60 пәтерлі тұрғын үйді сату бойынша тендер өткізілген болатын.

Қазіргі уақытта үйде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде, шатырын жабу аяқталып, қалған құрылыс жұмыстары атқарылуда.

Қалада осымен бір мезгілде 60 пәтерлі тағы бір тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Оның жалпы ауданы шамамен 2,7 мың шаршы метрді құрайды. Бас мердігер – «МТЛ-Арка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Үйді пайдалануға беру мерзімі – 2026 жылдың наурызы.

–Тұрғын үйлерді көбірек салып, халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз ету осы мәселені шешудегі маңызды қадам әрі халқымыздың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған игі іс. Мемлекет басшысының әлеуметтік бастамаларының нәтижесінде ауданда ондаған отбасы осы заманғы әрі жайлы пәтерге ие болады, – дейді аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков.

Жалпы алғанда, қазіргі уақытта Жарқайың ауданында 5,5 мың шаршы метрден астам тұрғын үй алаңы қалпына келтірілуде. Бұл аудан тұрғындарының тұрмыстық жағдайын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ауданда тұрғын үй алу кезегінде 319 адам тұр. Биылғы жылдың басында 80 пәтерлі жаңа тұрғын үйден 17 көп балалы отбасы, 36 жалғызбасты ана, 16 жетім бала, 8 мүмкіндігі шектеулі жан, 2 зейнеткер және мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған бір отбасы пәтер кілттерін алды.

Тұрғын үй қорын молайту және кезекте тұрғындарды уақытылы баспанамен қамтамасыз ету ауданда басты басымдықтардың бірі. Бұл жұмыс өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да игі ықпалын тигізері сөзсіз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар