Біле жүріңіз!
Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен халықтық салт-дәстүрді кеңінен насихаттау мақсатында Көкшетау қаласы әкімінің жүлдесі үшін зейнеткерлер арасында 2025 жылғы 18 қыркүйекте, сағат 15:00-де Ақан сері көшесі, 89 мекенжайы бойынша қалалық қазақ кітапханасында «Адал еңбекке – Ақ бата» батагөйлер сайысы өтеді.
Сайысқа қатысушылар 17 қыркүйекке дейін Абай көшесі, 114 «б» мекенжайы бойынша Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесіне келіп, өтініш білдірулері керек. Байланыс телефондар: 91-17-22, 91-17-23. Ұялы телефондар: 8 701 710 68 18, 8 702 485 94 00, 8 701 383 71 97.
Сайыс бір айналым бойынша өтеді. Әр үміткер екі бата береді. Біріншісі – еңбектің рөлі мен тәрбиелік мәні, екіншісі – еркін тақырып. Сондай-ақ, үміткерлердің орындаушылық шеберлігіне, дауыс ырғағына (дикциясына), ұлттық киім үлгісіне назар аударылады.
Жүлдегерлер қазылар алқасының шешімі бойынша анықталады. Шараға қатысушылардың бәрі қала әкімінің Алғыс хатымен, жеңімпаз және жүлдегер атанған үш үміткер арнайы жүлдемен, қалғандары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.
![]()

