Жолдауға — қолдау
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет» деп атап көрсетті.
Ең бастысы, Мемлекет басшысы айтып отырғанындай, бұл ретте еліміз ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын белсенді енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуды жүзеге асыруы тиіс. Әрбір салынған теңге жұмыс орындарына, өндіріске және жергілікті бюджеттің кірісіне жұмыс істейтін жаңа инвестициялық цикл қажет. Жыл басынан бері мәселен, Ақмола облысының экономикасына шамамен 456 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылды. Бұл көлем өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,5 есе көп.
сурет i0.wp.com/apgazeta.kz сайтынан.
Үстіміздегі жылы жалпы құны 248 миллиард теңгені құрайтын 226 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жаңалықтың арқасында 2,5 мың жаңа жұмыс орындары ашылады. Инвестициялық жобалардың қатарында Целиноград ауданындағы алюминий прокатын өндіретін «Сев-Регион Строй» компаниясы да бар. Жобаның жалпы құны 5,2 миллиард теңге.
сурет af.attachmail.ru сайтынан.
Сондай-ақ, жарма өндіретін зауыттар «QAZAQ FOOD MARКЕТ», Көкшетау қаласындағы ауыл шаруашылығы техникаларын өндіретін «Қазақстандық агроинновациялық корпорациясы» бар. «QAZAQ FOOD MARКЕТ» зауытының жоба құны 3,8 миллиард теңге болатын болса, «Қазақстандық агроинновациялық корпорациясының» жоба құны 1,5 миллиард теңге. Бұған жоба құны 7 миллиард теңгелік «Централ Плэйс» және жоба көлемі 6 миллиард теңгеге жуық «Ботай Девелопментті» қосыңыз.
«Ақмола инвест» жобасы да жүзеге асырылуда. Жалпы құны 2,8 триллион болатын 39 инвестициялық жоба ұсынылып отыр. Инвесторлар арасында халықаралық және отандық компаниялардың бар екендігін айта кетуге тиістіміз. ОларDalian hesheng Group, YDA Group, Atasu Group, «Terracottas» ЖШС, сондай-ақ Hopefull Grain & Oil Group, Meihua Holdings Group, «Aitas Agro Breeders» ЖШС қатысуымен жүзеге асырылатын стратегиялық жобалар.
сурет af.attachmail.ru сайтынан.
Президент бұл жұмыс әр өңірдің өзіндік қажеттіліктері мен нақты артықшылықтарын мұқият електен өткізіп, қалыптастырылуы керек екенін атап өтті.
Аудандардың инвестициялық тартымдылығын арттырудың маңызды буыны әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар болып табылады. Олар аудандар мен қалалардың ресурстары мен мүмкіндіктерін нақты экономикалық нәтижелерге айналдыра отырып, өңірлерді дамытудың негізгі драйверлеріне айналуы тиіс.
«Көкше» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы«Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының тәжірибесін зерттеп, үлгі алса артық болмайды. Бұл арада айта кететін тағы бір жай, іске деген тікелей жауапкершілікті күшейту мақсатында өңірлердің әкімдері үшін инвестициялық тартымдылық индексі енгізілетін болады. Біз осындай индексті қалалар мен аудандар бойынша кешіктірмей жасауымыз керек.
Өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша Ақмола облысының жалпы өңірлік өнімінің құрылымындағы өңдеу секторының үлесі 2024 жылы 26,6 пайызға дейін өсті. Бұл көлем 2020 жылы 22,9 пайыз болатын. Бұл ретте, өндірістің жалпы көлемінің үлес салмағы 81 пайызға дейін өскендігін айта кетсек артықтығы болмас, 2024 жылы бұл көрсеткіш 78 пайызды құраған. Биыл жалпы құны 14 миллиард болатын 9 жоба жүзеге асырылуда. Осы жобалар аяқталған кезде жаңадан 510 жұмыс орны ашылады. Негізгі жобалардың қатарында Көкшетау қаласындағы инвестиция көлемі 3,8 миллиард теңгеге тең «QAZAQ FOOD MARKET» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарма зауытын айта кетуге болады. Бұл нысан пайдалануға берілді. Целиноград ауданындағы құны 4 миллиард теңгелік «Сев регион Строй компаниясы» серіктестігінің алюминий прокаты зауыты, «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» серіктестігінің құны 3,2 миллиард теңгелік ауыл шаруашылығы техникасын өндіру цехын іске қосып, «KAZROST ENGINEERING», «КАИК» кәсіпорындарында ауыл шаруашылығы техникаларын өндіру көлемін көбейту межеленуде. «КамАЗ Инжиниринг» кәсіпорнының мемлекеттік қорғаныс тапсырысына және «Қазавтожол» тапсырысына қол қою есебінен ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу жоспарлануда. Сирек металлдарды шығаруға қатысты Степногорск тау-кен химия комбинатындағы өндіріс көлемін өсіру жоспарлануда.
Облысымызда металлургия саласында үлкен қор бар. Әсіресе, бұл сирек металдарды өңдеуге, соның ішінде негізінен, алтын өндіретін «Altyntau Kokshetau», «Алтыналмас» және «RG GOLD» компанияларының жұмысына байланысты болып отыр. Бүгінде тау-кен кешенінің үлес салмағы 50 пайызды құрайды. Біздің облыс алтын кенін және концентраттарын өндіру бағытында ұлттық көлемнің жартысынан астамын қамтамасыз етіп отыр. 2024 жылы бұл көлем 57,9 пайыз болса, ағымдағы жылдың жарты жылында 50,9 пайыз деңгейге көтерілді. Қазақстан алтынының жалпы көлемінің 27,5 пайызы біздің өңірде өндірілуде. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Доре қорытпасының 59,2 пайызы бізде өндірілді. Сонымен қатар, жасанды интеллектіні қолдана отырып, пайдалы қазбалар бойынша Севказнедрдің геологиялық ақпаратын цифрландыру әрі жаңарту қажет. Бұл жұмыс жер қойнауындағы қазба байлықтарды игеру үшін қажетті инвестициялық тартымдылықты жақсартуға мүмкіндік береді.
Индустриялық аймақтар өңір экономикасына оң әсер етуде. Облыста 4 индустриялдық аймақ құрылды. Олардың біреуі республикалық «Aqmola», қалғаны Көкшетау қаласында және Целиноград ауданында орналасқан. Аймақтарды құру бойынша тиісті жұмsстар жүргізілуде. «Aqmola» индустриялық аймағы бойынша жалпы құны 1,2 триллион теңге болатын 7 ірі жобадан тұратын инвестициялық портфель қалыптастырылды. Бұл жаңа жобалар толық аяқталған кезде 4,6 мыңнан астам жұмыс орындары ашылады.
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында энергия көздерін жаңғыртуға, «жасыл» қуаттардың өсуіне және көмір энергетикасын дамытуға ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта Степногорск жылу электр орталығында ауқымды қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Күні бүгінге дейін қыруар жұмыс атқарылды. Осы жоспарланған іс-шараларды тыңғылықты жүзеге асыру нәтижесінде Степногорск қаласы мен өнеркәсіптік нысандарды тұрақты жылумен, электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік маңызы зор жобаның бірі Көкшетау қаласында газ-көмір жылу электр орталығын салу болып табылады. Орталық 240 МВт және 520Гкал жылу энергиясын өндіреді. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін облыс орталығын ыстық сумен қамтамасыз етуге, жылумен жабдықтауға мүмкіндік туады. Баламалы энергия көздері шеңберінде өңірде жалпы қуаты 500МВт-дан асатын «Жасыл» энергетика бойынша 19 жоба, (17 жел электр станциясы, 1 күн, 1 биологиялық) жүзеге асырылады. Республика көлемінде біздің облыс «Жасыл энергияның 23 пайызын өндіреді.
Мемлекет басшысының Жолдауында алдымызға қойылған асқаралы міндет өңірдегі инфрақұрылымды және көліктік-логистикалық байланыстарды дамыту болып табылады. Негізгі көлік дәліздерін дамыту шеңберінде «Орталық-Батыс», «Астана-Арқалық», «Торғай-Ырғыз» арқылы транскаспий шекаралық көлік бағытына шығатын автожол маңызды рөл атқармақ. Бұл жол біздің облыстың жалпы ұзындығы 350 шақырым болатын аумағын да басып өтеді. Ол аумаққа Целиноград, Қорғалжын, Егіндікөл, Атбасар және Жарқайың аудандары кіреді. Жол өңір экономикасын дамытуға, 300-ге дейін жаңа жұмыс орындарының ашылуына, кәіпкерлікті дамытуға септігін тигізбек. Оған қоса, жүк айналымы да арта түседі. Ұлттық және халықаралық логистикалық тізбектерде Көкшетау қаласының әуежай базасында заманауи жүк терминалы салынатын болады. Бұл жай жаһандық жеткізу тізбегіне қосылуға жол ашады. Көкшетау қаласындағы агрохаб контейнерлік терминалы бірегей мүмкіндіктерге қол жеткіздіреді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және су инфрақұрылымын жаңғырту да айрықша маңызды мәселе. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында инженерлік желілердің тозуы деңгейін азайту бағытында ауқымды жұмыс жүргізілуде.
Айталық, Көкшетау және Степногорск қалаларында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру басталды. Ағымдағы жылы Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Астрахан, Біржан сал, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Целиноград, Шортанды аудандары мен Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларында 88 сумен жабдықтау нысандарын салуға және жаңғыртуға 34,2 миллиард теңге қаражат қарастырылған.
Қолға алынған осы жұмыстардың нәтижесінде сумен жабдықтау желілерінің тозуын төмендету жоспарлануда. Көкшетау, Қосшы, Макинск және Ерейментау қалаларында үстіміздегі жылдың соңына дейін сумен қамтамасыз ету көлемін 100 пайызға жеткізу үшін 4 жобаны аяқтау жоспарлануда. Ауылдық жерлердегі тұрғындарды толық сумен қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін 36 ауылда жаңа су құбырлары тартылып, шалғайдағы шағын ауылдарда 42 кешенді блок модуль орнату жоспарлануда. Газбен жабдықтау бойынша биыл 5 жоба қолға алынған. Жоба толық аяқталған кезде облыстың 65 мың тұрғыны көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі.
Облыстың жалпы өңірлік шағын және орта бизнестегі үлесі ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 30,1 пайызға дейін өсті. Кәсіпкерлікпен 141,6 мың адам немесе халықтың 35,4 пайызы қамтылған. Ағымдағы жылы шағын бизнес субъектілері үшін мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде орта бизнеске 8,8 миллиард теңге қаражат бөлінді. Бизнес жобалардың жалпы көлемі 9,5 миллиард теңге болатын 71 жобасы қолдау тапты. Адами капиталды дамыту бойынша білім беру саласындағы апатты және үш ауысымдық білім ошақтарының мәселелері толық шешілді. Оқушы орнының тапшылығы екі есе қысқарды, жыл соңына дейін Көкшетау қаласында 588 орындық мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Облыста кадрларға қажеттіліктің өңірлік картасы – жаңа кәсіптер атласы әзірленді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қосшы қаласында халықаралық үлгідегі колледж салу межеленуде. Әлеуметтік көмекті бөлу кезінде отбасылардың әл-ауқатын бағалаудың скорингтік моделі енгізілді. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 11 мыңға жуық адам білім алды. Қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша 2025 жылға арналған жоспар 76 пайызға орындалды.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында 32 бастапқы буын нысаны салынды. Ағымдағы жылы тағы да бірнеше нысан іске қосылмақ. Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейі 7 пайызға өсті. Медициналық пунктерді жарақтандыру көлемі 85 пайызға ұлғайды. Көмекпен 45 мыңға жуық адам қамтылды. Степногорск қалалық, Атбасар аудандық көпсалалы ауруханаларын жаңғыртуға 3,2 миллиард теңге бағытталды. 111 медициналық техника сатып алынды. Бұл жұмыс 120 мыңнан астам ауыл тұрғынына шұғыл медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының Жолдауында барлық саланы цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану қажеттілігі баса айтылған. Өңірде 2025-2030 жылдарға арналған цифрландыру стратегиясы және өңірдің толыққанды цифрлық экожүйесін құруға бағытталған цифрлық трансформация картасы жүзеге асырылуда. Бұл ретте, болжамды талдау, деректердің орталықтандырылған мониторингі және басқару жүйесі енгізілетін аймақты басқару орталығы негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, аудандар мен қалаларда жұмыс тиімділігін нақты уақыт жағдайында бақылауға мүмкіндік беретін Aqmola Region Score моделі енгізілді. Аймақтың стратегиялық жоспарларында аумақтың цифрлық негізін құру, Data Lake және цифрлық Бас жоспарды қалыптастыру, сөйтіп, осы деректерге негізделген басқаруға көшуді қамтамасыз ету міндеті тұр.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, экология, ауыл шаруашылығы, жер ресурстарын цифрландыру әрқашан маңызды бағыт болып табылады. Бұдан өзге өңірдің цифрлық саясаты бойынша тиісті шешімдер әзірлеу мен бизнесті, сараптамалық қоғамдастық пен білім беру ұйымдарын цифрлық трансформациялық процестерге тарту алаңы ретінде облыс әкімдігі жанынан АІ-кеңесті қалыптастыру жоспарлануда.
Ел Президентінің биылғы Жолдауында атап көрсетілген ауқымды жоспарын жүзеге асыру баршамыз үшін ортақ міндет. Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, экономиканы дамытуға және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталып отыр. Сондықтан, осы Жолдау бойынша нәтижелі жұмыс істеу бәрімізге зор жауапкершілік жүктейді. Осы орайда, бірлескен күш-жігермен еліміздің және облысымыздың әлеуетін көтеріп, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда нақты нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенім мол.
Ернар ЖАРКЕШОВ,
Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
![]()

