Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді еңбек адамдарына құрметті білдіретін және олардың ел дамуына қосқан үлесін жоғары бағалайтын мереке – Еңбек күнімен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған 2025 жыл – еңбек әулеттерінің, өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы мамандарының және күнделікті еңбегімен тәуелсіз Отанымыздың іргесін нығайтып келе жатқан барша жандардың қоғамда алар орны ерекше екенінің көрінісі.
Ақмола облысы қашанда еңбекқор, алғыр халқымен танымал. Бүгінгі таңда бізде тұрақты түрде жұмыссыздық деңгейі төмен, 22 000-нан астам жаңа жұмыс орындары ашылды, оның 17 000-нан астамы тұрақты жұмыс орындары. Аймақта құны 180 миллиард теңгеден асатын 24 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, облыс тұрғындары үшін жаңа перспективалар мен мүмкіндіктер ашылды.
Құрметті ардагерлер!
Сіз өз еңбегіңізбен туған жеріңіздің гүлденуі мен оның экономикалық қуатын нығайтып, бүкіл еліміздің көркеюіне лайықты үлес қосып келесіз. Табандылық, кәсіпқойлық және елге деген сүйіспеншілік біздің ортақ ілгерілеуімізде әрқашан баршамызға тірек болатынына сенімдімін.
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, тұрақтылық, бақ-береке, еңбектеріңізге жаңа жетістіктер тілеймін! Әр шаңырақта береке-бірлік орнап, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізбен әрқашан мақтаныш пен құрметке бөлене беріңіздер!
***
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Депутаттық корпус атынан сіздерді Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймын!
2014 жылдан бастап жыл сайын қыркүйектің әр соңғы жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі. Осы мереке күні біз адал еңбегімен ел экономикасының қалыптасуы мен дамуының негізін қалаған еңбек адамдарына алғысымызды білдіреміз.
Мемлекет еңбек адамдарын әлеуметтік жағынан қорғауды жүйелі түрде күшейтіп, еңбек заңнамасын жетілдіруде, кәсіподақ қозғалысын нығайтып, жұмысшы кәсіптерінің мәртебесін арттыруға бағытталған нақты шараларды жүзеге асыруда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл бастама техникалық мамандықтардың мәртебесін арттыруға, сондай-ақ, осы бағыттағы білім беру гранттарының көбеюіне қосымша серпін берді. Алдағы жылдары облысымызда халықаралық деңгейдегі колледж бен студенттерге арналған жатақханалар салу жоспарланып отыр.
Еңбекқорлық, кәсіпкерлік пен жауапкершілік, сондай-ақ, білім мен өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс, мұның бәрі өз ісінің нағыз мамандары үшін керек ерекше қасиеттер. Осыған қол жеткізген жандар қоғамның назарында болуға әбден лайық, себебі, өсіп келе жатқан жас ұрпақ дәл осындай тұлғаларға қарап бой түзейді.
Ақмола облысында өз ісіне адал, туған өлкесін шын жүректен сүйетін және бұл сүйіспеншілігін күн сайынғы еңбегімен дәлелдеп жүрген мамандардың көптігі – қуантарлық жайт. Мұндай азаматтардың ел игілігіне қосқан үлесі – өңірдің тұрақты дамуының сенімді негізі.
Құрметті жерлестер!
Баршаңызға Еңбек күні құтты болсын! Осы мерекеде сіздерге зор денсаулық, еңбекте мол табыс және отбасы амандығын тілеймін!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.
![]()

