Инвестиция салу ниетімен

Ынтымақтастық

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Zijin Mining Group Co., Ltd.» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Чэнь Цзинхэмен кездесу өткізді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар өңірдің тау-кен металлургия саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Әлемдегі ең ірі тау-кен компаниялары бірінің өкілдері заманауи және экологиялық таза технологияларды қолдана отырып, алтын өндіру көлемін арттыру бойынша жобаларын таныстырды. Бүгінде «Zijin Mining Group Co., Ltd.» компаниясы Азия, Африка, Еуропа және Оңтүстік Америка құрлықтарындағы 17 елде өз қызметін жүзеге асырып келеді.

Ақмола облысы Қазақстанда алтын өндіру және оны өңдеу көлемі бойынша алдыңғы қатарда. Өңір елдегі алтын құрамды кеннің шамамен 50 пайызына дейінгі мөлшерін өндіреді.

Марат Ахметжановтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында облыста қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Халықаралық серіктестермен бірлескен жобалар өңір экономикасының артуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалуын жақсартуға ықпал ететін болады.

Сондай-ақ, кездесуде облыс әкімі аталған жобаларды іске асыруға барлық қажетті шаралардың қабылданатынын атап өтті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар