«Чекті талап ет те, жүлде ұтып ал!»

Акция

Ағымдағы жылдың сәуір айында «Чек талап ет те, жүлде ұтып ал!» республикалық акциясы басталды, ал, мамырда оған «Бәйге» мотивациялық науқаны, «Salyq кэшбэк»  пилоттық жобасы және Халық банкінің ұтысы қосылды.

Акцияның ұйымдастырушысы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті. Акция Ақмола облысы әкімінің  қолдауымен және Halyk Bank демеушілігімен өткізіліп жатыр. Бұл акцияның мақсаты көлеңкелі экономикамен күресу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, кассалық тәртіпті жақсарту және адал бизнесті қолдау болып табылады.

Науқанға қатысу үшін азаматтар Amian мобильді қосымшасы арқылы чектерді жіберіп ақшалай және бағалы сыйлықтар ұтып алады.

«Бәйге» жаңа мотивациялық науқаны аясында еліміздің әр өңірінде тоқсан сайын жеңімпаздар анықталады. 100 000 теңге ақшалай жүлде random.org сайты арқылы Instagram парақшасында тікелей эфирдегі ұтыс ойыны арқылы аймақтағы ең белсенді 50 пайдаланушының біріне беріледі. Жеңімпаздар саны барлығы 20 адам. Жуырда Instagram тікелей эфирінде amianapp желісінде «Бәйге» акциясының екінші кезеңінің ұтыс ойыны өтіп, Ақмола облысынан Ләззат есімді қолданушысы жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, 2025 жылдың 19 мамырынан бастап Ақмола облысында Halyk Bank ұтыс ойыны басталған болатын.  Оған Банктің POS терминалдарында Банк карталарымен жасалған операциялардың чектері қатысады. Қатысу оңай: тауарларды сатып алу немесе қызметтерге ақы төлеу кезінде фискалдық түбіртек сұраңыз және оны «Amian» қолданбасында тіркеңіз.

Ақмола облысында қыркүйек айының қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз анықталды. Олар көкшетаулықтар Евгения Дзюба, Динара Мұхамбеталина, Олжас Сыздық, Оксана Зайцева, Ақкөл ауданының тұрғындары Жанна Қанапинова мен Валентина Зайцева,  Жақсы ауданының тұрғыны Динара Тілеубаева, Сандықтау ауданының  тұрғыны Валерий Ловягин, атбасарлық Елена Чертакова, Степногорск қаласының тұрғыны Наталья Дятел.

Сондай-ақ, Қазақстан тұрғындары «Салық кэшбэк» пилоттық жобасына қатысып, Amian мобильді қосымшасында сатып алу сомасының 2 пайызы көлемінде кэшбэк ала алатынын еске саламыз. Алынған қаражатты банк картасына немесе ұялы телефон балансына аударуға болады.

Сөз соңында айтарымыз, құрметті салық төлеушілер, аталған акция мен ұтыстарға сіздер де қатысып, сыйлықтар ұтып алыңыздар!

Ақмола облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар