Волонтерлер күні аясында бірқатар еріктілер марапатқа ие болды

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық волонтерлер күніне орай іс-шара өткізу жоспарлануда.

5 желтоқсанда бүкіл әлемде Халықаралық волонтерлер күні аталып өтіледі. Қазақстанда волонтерлік қозғалыс белсенді дамып келеді. Сондай-ақ волонтерлік қоғамдағы түрлі салаларда да маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда облыста 60 волонтерлік ұйым тіркеліп, 3 600-ден астам волонтер белсенді жұмыс жасауда.

Аталмыш іс-шараға Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары – Сабырхан Кенжебаев, Ақмола облысы ТЖД басшысының орынбасары – Ренат Валишанов, облыстық жастар-ресурстық орталығының басшысы – Дастан Ермеков, Ақмола облысы «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесінің басшысы – Дидар Хамзин, Ақмола облысының белсенді волонтерлері қатысты.

Іс-шара еркін форматта өткізіліп, волонтерлер өзара байланыс тауып, алдыңғы жылға жоспарларымен бөлісті.

«Жалпы, есептік кезең барысында волонтерлердің ұйымдастыруымен 1100-ден астам іс-шара іске асырылды. Сонымен қатар, волонтерлердің бастамасымен облысымызда мұқтаж жандарға, атап айтсақ, 1200-ге жуық отбасыға азық-түлік жиынтығы және демеушілік көмек түрінде қолдау көрсетілді.

Волонтерлік қозғалыстың маңыздылығын ескере отыра, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Ақмола облысының волонтерлер қозғалысын дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасы қарастырылған. 2024 жылы қаржыландыру көлемі 3,5 млн. теңгені құрған болатын, 2025 жылы аталған жобаның қаржыландыру сомасы 5 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды.

Жобаның басты мақсаттары – волонтерлік қызметті дамытуға қатысатын волонтерлердің, ҮЕҰ, мемлекеттік органдардың әлеуетін арттыру, Ақмола облысында волонтерлік қызметтің рөлін арттыру, волонтерлік жобаларды қолдау, жастарды волонтерлік қызметке тарту.

Осы жоба аясында волонтерлік қызметті дамытудың әрбір бағыты бойынша үздік волонтерлік жобаға байқау өткізіліп, 5 бағыт бойынша жеңімпаздар арнайы диплом мен өз жобасын жүзеге асыру үшін 500 мың теңге көлемінде грантқа ие болады. Сондай-ақ, «BIRGEMIZ TAZA QAZAQSTAN» Республикалық экологиялық акциясы аясында іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, «JAS_AQMOLA» облыстық жастар премиясы жобасы аясында 2025 жылдың  «Жыл волонтері» номинациясы бойынша да жеңімпаз анықталды. Осы номинациясының иегері 2025 жыл ішінде экологиялық акциялар, нашақорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстар, волонтерлер жазғы мектебі, және т.б. бірқатар волонтерлер жобаларына белсенді қатысты.

Бүгінгі таңда, волонтерлік бағыттағы жұмысты белсендіру мақсатында Ақмола облысында волонтерлік қызметті дамыту мен қолдаудың 2025-2027 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама әзірленді.

Аталған бағыттағы жұмыс үнемі бақылауда» — дейді өз сөзінде өңірлік «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесінің басшысы – Дидар Хамзин.

Шара барысында Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары – Сабырхан Кенжебаев волонтерлерге жыл бойы атқарылған қайырымды жұмыстары жайында алғысын білдіріп, алдағы уақытта жұдырықтай жұмылып, өңіріміздің мәртебесін республикалық деңгейде көтеріп, биік белестерден көрінуін тіледі. Сонымен қатар, қатысушыларға арнап дастархан жайылып, аталмыш мерекеге және келе жатқан жаңа жылдың құрметіне тәтті кәмпит жинағы таратылды.

Шара соңында жыл бойы өзін белсене көрсете білген еріктілер қатарын, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының атынан алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өткізілді.

Ізгі құрметпен,
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі
(Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69)

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар