Болашақ мамандардың еңбек сынағы

Тәлім

Зеренді ауданындағы Шағалалы жоғары аграрлық-техникалық колледж студенттері облыс шаруашылықтарында  көктемгі дала жұмыстарына қатысып, тәжірибе жинақтады.

Технологиялық тәжірибе аясында агроөнеркәсіптік кешен құрылымдарына үшінші және төртінші курстардан 80 білім алушы жіберілді. Олардың қатарында «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша 48 студент және «агрономия» мамандығы бойынша 32 студент бар. Тәжірибе барысында жастар колледжде алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолданып, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заманауи технологиялармен танысты, өздері оқып жатқан кәсіби дағдыларын тікелей жұмыс орнында жетілдіруге мүмкіндік алды.

Студенттер тәжірибеден «Қанай Би-1», «Намыс», «Жақсылық-Агро», «Мәдениет», «Подгорное», «Зеренді-Астық», «Stepnoishimskoe GCK», «Көкшетау тәжірибелік өндірістік шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Союз-1999» акционерлік қоғамы және «Кеңес» шаруа қожалығы мен тағы басқа да жетекші шаруашылықтарда өтті.

Колледж директоры Арман Оспановтың айтуынша, болашақ механизаторлар алдымен көктемгі егіс науқанына ауыл шаруашылығы техникаларын дайындауға, реттеу мен қызмет көрсету жұмыстарына қатысты. Ал, «Агрономия» мамандығының студенттері топырақ дайындау, агротехникалық іс-шараларды жүргізу, егіс жұмыстарының сапасын бақылау және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологияларының сақталуын қадағалау жұмыстарына жұмылдырылды. Көзбен көріп, қолмен атқарған осы істердің бәрі күні ертең егіншілік мамандығын таңдаған жастарға тек өз пайдасын беретіні анық.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар