Жемшөп дайындау мен егістікті өңдеу қатар жүргізілуде

Жасыл орақ – 2026

Қазір облыс аумағында күн райы жақсы. Осы қолайлы сәтті тиімді пайдаланып қалуға тырысқан шаруалар жасыл орақ пен егіс алқаптарын күтіп, баптау ісінде қызу тірлікке кіріскен.

2026-2027 жылғы мал қыстату науқанын сәтті өткізу үшін ағымдағы жылы облыста 1,3 миллион тонна шөп дайындау жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 340,5 мың тонна шөп дайындап үлгерді. Бұл жоспарланған көлемнің 25,2 пайызын құрайды. Жемшөп дайындау жұмыстары одан әрі жалғасуда.

Егіс науқаны аяқталғаннан кейін облыс аграршылары себілген  дақылдарды арамшөптерден, аурулар мен зиянкестерден қорғауды қоса алғанда, дақылдарды күту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуге кірісті. Сонымен, қазіргі уақытта арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары аяқталды. Бүгінгі таңда бұл жұмыс 4,2 миллион гектар алқапта орындалды, бұл жоспарлы көлемнің 106,3 пайызын құрайды.

Сонымен қатар, облыста шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеулер жүргізу бойынша да іс-шаралар белсенді қолға алынуда. Ағымдағы жылы мұндай өңдеудің болжамды ауданы 91,1 мың гектарды құрайды. 2026 жылғы 7 шілдедегі жағдай бойынша химиялық өңдеудің бұл түрі 40,9 мың гектар алаңда немесе болжамды алаңның 45 пайызында жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыс та әрі жалғасуда.

Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мамандарының айтуынша, дақылдарды аурулардан, атап айтқанда6 септория және тоттан қорғау үшін 617,3 мың гектар аумақта фунгицидтік өңдеулер жүргізу де жоспарланған.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар