Өмір – ең басты құндылық
Өз-өзіне қол жұмсау – адамның өз өміріне өз еркімен балта шабуы. Егер адам бойындағы психологиялық күйзеліс пен депрессиялық белгілерді дер кезінде байқап, алдын алмаса, суицидтік ойлар соңы қайғылы жағдайға – адам өліміне алып келуі мүмкін.

Cурет encrypted-tbn0.gstatic.com сайтынан.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын 700 мыңнан астам адам өз-өзіне қол жұмсау салдарынан көз жұмады екен. Осынау қасіретті дерт туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өзіне-өзі қол жұмсаудың алғашқы жаһандық баяндамасы жарияланған сәттен бастап бес жыл ішінде өзіне-өзі қол жұмсаудың ұлттық стратегиясы қабылданған елдердің саны артты. Алайда, мұндай елдер өте аз, 38 ғана және олардың қатарын өсіруді жалғастыру қажет.
– Қол жеткізген жетістіктеріне қарамастан, өзіне-өзі қол жұмсаудың нәтижесінде әрбір 40 секунд сайын бір адам қайтыс болады. Әрбір өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті отбасы мүшелеріне, достары мен әріптестері үшін қайғылы оқиға. Бұл ретте өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алуға болады. Біз барлық елдерді денсаулық сақтау және білім беру саласындағы ұлттық бағдарламаларға өздерінің тиімділігін дәлелдеген өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу шараларын енгізу үшін тұрақты шешім табуға шақырамыз, – деп атап өтті ДДҰ бас директоры доктор Тедрос Адхан Гебрейесус.
Негізінен, өзіне-өзі қол жұмсаудың ең жоғары көрсеткіштері жоғары табыс деңгейі бар елдерде байқалады екен. Ал, жастар арасында өлімнің негізгі себептері тізімінде өзіне-өзі қол жұмсау екінші орынды алады.
Жасы бойынша жаһандық стандартталған өзіне-өзі қол жұмсаудың таралу көрсеткіші 2016 жылы 100 000 адамға шаққанда 10,5 пайызды құраған. Сандық мәнде бүкіл әлемдегі өзіне-өзі қол жұмсаудың 79 пайызы төмен және орташа табыс деңгейі бар елдерге тиесілі болса, салыстырмалы көрсеткіш жоғары табыс деңгейі бар елдерде неғұрлым жоғары болып келеді екен. Табыс деңгейі жоғары елдерде ерлер өзіне-өзі қол жұмсауды әйелдерге қарағанда үш есе жиірек жасайды, ал, табыс деңгейі төмен және орташа елдерде екі жыныстар бойынша көрсеткіштер шамамен теңге жуық.
15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер тобында өзіне-өзі қол жұмсау қыздар арасындағы өлім-жітімнің бір себебіне жатады екен. Ол, әсіресе, қыз балалардың жүкті болып қалуы және өмірге сәби келгеннен кейінгі асқынулардың әсерінен болып жататыны өкінішті-ақ.
Өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларын болдырмаудың бірден-бір жолы бұқаралық ақпарат құралдарымен түсіндіру жұмысы. Жастарда оларға күйзелістік жағдайларды жеңуге мүмкіндік беретін өмірлік дағдыларды дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру, өзіне-өзі қол жұмсау тәуекеліне ұшыраған адамдарды ерте анықтау, оларға көмек көрсету және кейіннен бақылау жасап отыру.
Ұлттық деңгейде өзіне-өзі қол жұмсау уақтылы тіркеуді және тұрақты мониторинг жүргізу арқылы суицидтің алдын алудың тиімді ұлттық стратегияларының негізі болып табылады. Өзіне-өзі қол жұмсау мониторингі мен өзіне-өзі қол жұмсау мінез-құлқының тиімділігін арттыру, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алудың неғұрлым тиімді шараларын қабылдауға және осы саладағы жаһандық мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі жұмыс барысы туралы неғұрлым нақты деректерді жинауға ықпал ететін болады.
Өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу шаралары 10 қыркүйекте дүниежүзілік психикалық, халықаралық қауымдастықпен және «Бүкіл әлемдегі психикалық денсаулықты қорғау мүддесіндегі іс-әрекеттер бірлігі» ұйымымен ынтымақтаса отырып жүргізіліп отырады. Бұл науқанның шарықтау шегі 10 қыркүйектегі Дүниежүзілік психикалық денсаулық күнін өткізу болады.
Жыл сайын дәстүрлі түрде бұл күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жөніндегі халықаралық қауымдастықтың (International Association for Suicide Prevention) қолдауымен дүниежүзілік өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу күнін (World Suicide Prevention Day) өткізеді.
Суицид (өзіне-өзі қол жұмсау) – өлген адамның саналы түрде және тура нәтиже алу үшін әдейі бастаған және орындаған, өліммен аяқталған іс-әрекеті. Сондықтан, мұндай қатерлі дертпен күресу қоғам алдындағы міндетпен тең.
Дүниежүзілік өзін-өзі қол жұмсаудың алдын алу күнін өткізудің ғаламдық мақсаты – көптеген министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті атқарушы және қоғамдық бірлестіктердің, діни конфессиялардың күш-жігерін біріктіретін, халықтың өзіне-өзі қол жұмсауын алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру арқылы барлық елдерде халық арасында суицидтер мен суицидтік әрекеттер деңгейін азайту болып табылады. Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, оны жүзеге асыру көптеген ведомстволардың күштерін бірыңғай алдын алу стратегиясына біріктіру кезінде ғана мүмкін болады.
Кейбір елдердің өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу саласындағы жетістіктеріне қарамастан, мәселе шешімнен алыс және әлдеқайда белсенді күш-жігерді талап ететіні сөзсіз.
Түптеп келгенде дHYPERLINK «https://www.apollohospitals.com/kk/health-library/depression-how-to-recognize-and-overcome/»епрессия, қаржылық қиындықтар, соғыс, апаттар, тұрмыстық зорлық-зомбылық және қорлау сияқты психикалық денсаулық мәселелері бар адамдарда суицидтік ойлар пайда болуы мүмкін. Көмек алу үшін психикалық денсаулық сақтау маманына бару және қолдаушы отбасы мен достардың қасында болу жеке тұлғаның суицидтік ойлармен күресуіне үлкен көмегі бар.
Суицид және суицидтік ойлар дегеніміз өзін-өзі өлтіру, өз өмірін қию әрекеті. Дүние жүзіндегі көптеген елдер суицидті қылмыс деп санайды және өзін-өзі өлтіруге әрекеттенген адамды түрмеге қамауға алады екен. Суицидтік ойлар өзіне зиян келтіру немесе өлтіру туралы ойлар ретінде анықталады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, өз-өзіне қол жұмсайтын адамдардың 20 пайызы пестицидтерді немесе атыс қаруын қолдану арқылы немесе асылып өледі. Адамның өз өмірін қиюға әрекеттенуінің жоғарыда айтқан көптеген себептері бар.
Суицид және суицидтік ойлардың мінез-құлық белгілеріне мыналар жатады. Көбіне өлім туралы айтып, өлгісі келетін, өзін мазасыз сезініп, тығырықтан шығар жол таппау, отбасымен және достарымен қоштасу, өзін-өзі оқшаулау, ішімдік пен есірткіні шамадан тыс тұтынудың соңы қасіретті жағдайға әкеліп соғып жатады. Мұндайда, әсіресе, өмірді жалғастыруға ешқандай себеп жоқ сияқты көрінуі ықтимал, ұйқының бұзылуы, тәбеттің жетіспеушілігін сезіну жағдайлары туындаса, өз-өзіңмен тұйықталып кетпей, алдын алған абзал.
Егер адам өзіне зиян келтіруді, алкогольді шамадан тыс тұтынуды немесе өзіне зиян келтіретін әрекеттерді жасауды ойласа, сіз дереу өз-өзіне қол жұмсау туралы сенім телефонына қоңырау шалуыңыз керек немесе сізге ең жақын психикалық денсаулық маманына баруыңыз керек. Мұндай өлімнің соңы әке-ана, бауыр, балаға қатты әсер етерін түсінген дұрыс. Ондайда, тіпті, ешкімге айта алмасаң да өз сезімдеріңді жеңе алатындай күнделік сияқты жазып тастаған да дұрыс шығар.
Адамда суицидтік ойлар мен мінез-құлықтың пайда болуына ықпал ететін бірнеше факторлар да бар. Олар, психикалық денсаулық қызметтеріне қолжетімділік жоқ, жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болу жайттары да әсер етіп жатады. Әрине, кейбір ата-аналар жұмысының, уақытының тығыздығынан балаларымен ашық сөйлеспей жатады. Олардың арасында диалог, сапалы өзара іс-қимыл болмаған соң, теріс ойларға кетіп қалатыны өкінішті, әрине. Ата-ананың көбі асығыс, жұмыс пен үй шаруасынан бос уақыт арасында ғана пікірлеседі. Олар балаларының тек мектептегі бағалары мен үлгерімдері туралы көбірек сұрайды, көңіл-күйге, хоббиге қызығушылық танытпай жататыны жасырын емес. Міне, осыдан балалар зардап шегеді екен, өйткені, ішкі ойын толық ашып айта алмайды. Осы ретте ересектерге барынша мұқият және қамқор ата-ана болу керек екенін айтатын мамандардың пікірін ескерген жөн.
Жасөспірімдер ата-аналарына психологқа бірге баруын өтінгенімен, көп ата-аналар бұл өздігінен өтетін жасөспірімдер проблемасы деп жеңіл-желпі қарап, бас тартатын жағдайлар да кездеседі. Көп балаларда өмірдің құндылығы туралы түсінік жоқ. Оларға күресуден гөрі өз-өзіне қол жұмсау оңайырақ, осыған байланысты суицид пайда болады. Көбінесе ата-аналар психолог пен психотерапевті шатастырады. Біз баланың өз-өзіне қол жұмсау әрекеті туындағанда, эмоцияларын басқара алмағанда, тұрақты депрессия жағдайында болған кезде психотерапевтке хабарласуды ұсынамыз. Балалар отбасындағы ахуалды жақсы сезінеді, олар қарым-қатынас көрсеткіштері. Ата-аналар сүйіспеншілік, достық қарым-қатынас сезімін көрсетуі керек, сонда балалар өздерін қауіпсіз сезінеді. Бұл көптеген отбасылық мәселелерді шешеді, – деп түсіндіреді мамандар.
Жалпы, өзіне-өзі қол жұмсау жауапкершіліктен бас тарту. Мұндай жағдайдың белгілері, себептері, ауырлығы, өршуі және емдеу нұсқалары әр адамда әртүрлі болуы мүмкін. Берілген ақпарат жағдайдың барлық аспектілерін немесе емдеудің барлық нұсқаларын қамтымауы мүмкін. Жеке денсаулық жағдайыңызға негізделген дәл диагноз қою және кеңес алу үшін білікті медицина қызметкерімен кеңесудің тиімділігі зор. Қашанда, өмір – ең басты құндылық екенін ұмытпайықшы.
Дайындаған Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
сурет egemen.kz сайтынан.
![]()

