Жасырын ішімдік сату тыйылар емес

Қауіпсіз ел

Алкогольдік ішімдік ішіп алып, мас күйінде жасалатын қылмыстардың алдын алу шаралары осы  бағыттағы жұмыстарды күшейтуді талап етіп отыр.

Жалпы, елімізде алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кешенді жұмыстар белсенді жүргізілуде. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, мас күйіндегі азаматтар көбіне отбасылық жанжалдарға, бұзақылыққа және басқа да заңсыз әрекеттерге баруға бейім. Осыған байланысты ішкі істер органдары бұл бағыттағы бақылау шараларын басты назарда ұстап отыр.

Қоғамымыздағы болып жатқан осы келеңсіз көріністерге арақ-шарап өнімдерін заң талаптарын сақтамай, тәуліктің рұқсат етілмеген уақытында заңсыз сату оқиғалары да кері әсер етуде. Айталық, жыл басынан бері өңірде алкогольдік ішімдіктерді заңсыз сатудың осындай 280-нен астам фактісі анықталып, ереже бұзған сауда нүктелерінің иелері мен жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлар қоғамдық тәртіпті бақылау мақсатында да күнделікті рейдтік шаралар жүргізеді. Соның нәтижесінде қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 10 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған қоса, учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша жүйелі түрде тексеріп, олардың тұрмыстағы және қоғамдық орындардағы мінез-құлқын бақылауда ұстаумен келеді.

Осы орайда, полиция өкілдері қоғамдық қауіпсіздікке тек тәртіп сақшылары ғана емес, сауда нүктелерінің иелері де жауапты екенін еске салады. Алкогольдік заңнама талаптарын бұза отырып ішімдік сату кәсіпкерді құқықтық салдарға әкеліп қана қоймай, айналадағы азаматтардың қауіпсіздігіне де тікелей қатер төндіреді. Осыған байланысты облыс көлемінде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша осындай жұмыстар әрі қарай да жалғаса бермекші.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар