Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Карантин режимі енгізуде - АРҚА АЖАРЫ

Карантин режимі енгізуде

Бүгін сағат 19,00-ден бастап облыста карантин режимі енгізіледі. Осы орайда, өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен кезекті брифингте облыс әкімінің орынбасары Мәлғаждар Тәткеев пен облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ризахмет Жанбеков карантин кезіндегі тәртіп жайлы ақпарат берді.

–Баршаңызға белгілі коронавирус пандемиясының таралуына байланысты Мемлекет басшысы елімізде төтенше жағдай жарияланып, қазіргі жағдайда облыста 10 адам індет жұқтырғандығы анықталып, бүгін 19,00-ден бастап карантин режимі енгізіледі. Облыстың шекаралары мен магистральді жолдарға 51 бақылау бекеттері құрылады және 11 жылжымалы полиция пунктттері жұмыс істейді. Мұның барлығы карантин режимін сақтау үшін маңызды.  Бұл халықтың денсаулығы үшін жасалып жатқан шаралар. Қытайдың тәжірибесінен көріп отырғанымыздай, коронавирус пандемиясын біз өзін-өзі оқшаулау арқылы ғана жеңемі, деді облыс әкімінің орынбасары.

Карантин уақыты әкім қаулысы бойынша әзірге бір айға белгіленіп отыр, бірақ індетті толық жеңгенше осы режим сақталады. Инкубациялық кезеңде елді мекендерде коронавирус індеті анықталмаса, онда ақырындап бақылау бекеттерді рет-ретімен ашыла бастайды. Ауылдардан қалаға қатынап жұмыс істейтіндер мәселесі де айтылды. «Егер біз жұмысқа қатынап жүре беретін болсақ, адамдар арасында індеп қатты таралып кетуі мүмкін. Оған тәжірибеден көз жеткізіп отырмыз. Сондықтан, мұндай жағдайды шектейміз» деді Мәлғаждар Тәткеев. Мұндай жағдайда қалада жұмыс істейтіндер біржақты қалаға уақытша тұрақтағандары абзал. Ал, қала ішінде қатынап жұмыс істейтіндер үшін жұмыс берушілер жұмысшыларын арнайы тасымалдауға арналған көлік бөлулері керек. Онда да барлық санитарлық жағдайлар қарастырылуы тиіс.

Егер 19,00-ге дейін облыс орталығына кіріп үлгермегендер болса, олардан түсінікте алынып, жағдайға байланысты шаралар қолданылады. Үш күн ішінде кіретін облыс орталығына  тұрғындар мен қонақтар кіріп және шығып үлгерулері тиіс.  Транзиттік және азық-түлік тасымалдайтын көліктер облыс әкімнің қаулысында белгіленген талаптарға сай жүріп-тұратын болады. Қоғамдық көліктер мен такси қызметтері тоқтайды. Тұрғындар тек қана үйлерінің маңындағы азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға баруға болады.

Сонымен бірге, алда егін егу науқаны келе жатыр. Осы ретте туындайтын ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу үшін қажетті құрал-саймандар қалай жеткізіледі деген сауал бар. Бұл жөнінде  әкімнің орынбасары ауыл шаруашылығы техникасының иесі тиісті орындарға өтініш жібереді, соның нәтижесінде бақылау бекеттеріне көліктің нөмірі тәрізді барлық ақпараты көрсетіпген анықтамалық тізім жіберіліп, мұндай көліктер бақылау бекеттерінен өте алады. Бұл жерде аталған техниканың жүргізуші тиісті жерге ғана барып келуі керек, жолда ешқандай туысқандарына соқпағаны дұрыс. Олар белгіленген маршрутпен ғана жүреді.

Көкшетау қаласының іргесіндегі Красный яр селосы тұрғындарының көбі қалаға қатынап жұмыс істейтіндігі белгілі. Бірақ, олар да карантин режимін сақтаулары тиіс. Медициналық мекемелердің қай-қайсы болсын жұмысын тоқтатпайды. Жедел жәрдем мен учаскелік дәрігерлер өтініш түскен жағдайда тұрғындарды үйлеріне барып қарайды. Хирургиялық емдеу шаралары болмаса, барлық жағдайда оқшаланған дұрыс.

Брифингте сондай-ақ кәсіпкерлердің жағдайы жан-жақты қарастырғаны айтылды. Олар мүліктік салықтан уақытша босатылады. Жалға беру, коммуналдық төлемдер бойынша сұрақтар туындаса келісім түрінде шеше алады. Ал, вахталық тәсілмен жұмыс істейтіндер осы үш күн ішінде ауысып үлгерулері тиіс. Үлгермейтін болса, бұрын келгендер тағы да бір вахтаға қалады. Егер жұмысшыларға жұмыс беруші демалыс беріп, бірақ ақшасын төлей алмайтын болса, онда жұмыс беруші жергілікті атқарушы органдарға жүгініп, жағдайын баяндап, қызметшілерінің тізімін беруі тиіс. Оларға мемлекет тарапынан ең төменгі еңбекақы 42500 теңге бөлінетін болады. Сонымен бірге, жұмыс берушіні күтпей-ақ, жұмыссыз қалған жұмысшылар  өздері де жергілікті атқарушы органдарға е-Gov арқылы өтініш білдіре алады.

Бақылау бекеттері бойынша 8 бақылау бекеті облыс орталығының периметрі бойынша және көрші Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының аумағына қойылды. Қазір жеке құрамды орналастыратын палаткалар мәселесі қарастырылып жатыр. Қала ішіндегі тәртіпті тек қана полиция мен әкімшіліктің қызметкерлері ғана емес, барлық тұрғындар бір адамдай бағынып, сақтаулары тиіс. Неғұрлым өз-өзімізді оқшауласақ, соғұрлым тезірек жеңеміз, деді облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Ризахмет Жанбеков.

 

Ырысалды АХМЕТҚАЛИЕВА,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар