АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 800-ден асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10 сәуір таңғы сағат 09:00-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 21 адам тiркелді: Батыс Қазақстан облысында — 2 адам, Маңғыстау облысында — 2 адам, Қызылорда облысында — 4 адам, Атырау облысында — 3 адам, Шымкент қаласында — 4 адам, Ақмола облысында — 1 адам, Қарағанды облысында — 4 адам, Нұр-Сұлтан қаласында — 1 адам.
Coronavirus2020.kz мәліметінше, осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша — 226 адам, Алматы қаласында – 122 адам, Қарағанды облысында — 61 адам, Ақмола облысында — 61 адам, Атырау облысы — 45 адам, Жамбыл облысында — 45 адам, Шымкент қаласында — 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 6 адам, Алматы облысында — 10 адам, Ақтөбе облысында — 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 25 адам, Павлодар облысында — 3 адам, Маңғыстау облысында — 9 адам, Қызылорда облысында — 104 адам, Батыс Қазақстан облысында — 6 адам, Түркістан облысында — 34 адам, Қостанай облысында — 3 адам, жалпы 802 науқас бар.
https://www.coronavirus2020.kz/kz/kazakstanda-koronavirus-zhuktyrgandar-sany-800-den-asty_a3636224