Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сақтық шараларын бірінші кезекте ескеруіміз қажет - АРҚА АЖАРЫ

Сақтық шараларын бірінші кезекте ескеруіміз қажет

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус пандемиясына байланысты елімізде төтенше жағдай жариялауына орай, бүгінгі таңда бар күш-жігеріміз әлемді жайлай түскен осы бір қатерлі індетті ауыздықтауға бағытталуда.

Осы орайда, зейнеткерлікке шыққан бұрынғы санитарлық дәрігер ретінде осы күндерден бері көзім көріп, көңіліме түйіп келе жатқан кейбір ойларыммен бөліссем деп едім. Біріншіден, коронавирус жұқпасы бәрімізді халқымыздың денсаулығы, өз денсаулығымыз жолында бір-бірімізбен тығыз топтаса түсуімізге ықпал етіп отыр. Қазір алғашқы беттегідей емес, коронавирус туралы көп айтылып, көп жазылуының нәтижесінде жұрт осы дерттің қаншалықты қауіпті екендігін жете сезіне бастаған сияқты. Оны алғашқы кездердегідей емес, жұрттың бәрінің көшеде, қоғамдық орындарда тек
маскамен ғана жүруінен де аңғаруымызға болады. Ал, енді маска тақпайтын бірен-саран адамдар өз денсаулықтарын да ойламайтын, басқалардың да денсаулықтарына жаны
ашымайтын жандардай болып көрінеді маған.
Сонда да бір байқағаным, осындайда талап етілетін бір-бірімізден кемі бір-бір жарым метр алшақ болу қағидасын әлі де жете сақтамай келеміз. Қазір коронавирус індеті жүріп жатқандығын есімізден шығарып, бұрынғысынша қол алысып, қол берісіп, амандасып та жатамыз. Осындайда уақытша сақтық және қорғаныс шаралары әрдайым ойымызда жүрсе екен дейсің. Оның үстіне өзіміз қазақ болғандықтан, ағайын-туысты бір көрмесек тұра алмайтындықтан, бір-біріміздің үйімізге де барып қоямыз. Ал, денсаулық сақтау орындарының, дәрігерлердің мұндайда үзілді-кесілді тұжырымы – ондай бейқамдықты қоя тұрып, әзірге бір-бірімізбен араласпауымыз, әрқайсымыз үйден шықпай, өз отбасымызда отыруымыз керек.
Келесі бір менің байқап жүргенім, көптеген ғимараттардың алдында мұндайда белгілі бір зарарсыздандыру рөлін атқаратын дезинфекциялық маттар да жоқ. Осының өзі облыс, аудан орталықтарының әр тұстарында қойылған кейбір блок бекеттердің өздерінде болмауы үлкен түсінбеушілік туғызады. Сол блок бекеттерден өтетін автокөліктер осылайша зарарсыздандыру құралдарымен өңделіп отырылса, мұның өзі күннен-күнге алаңдатып отырған коронавирустың неғұрлым алдын алудың бір кепілі болар еді.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер дәрігер ретінде елімізде орын алып жатқан осы бір ауыр жағдайға немқұрайлы қарай алмай, жоғарыдағы мәселелерден туындайтын ұсынысым мен кейбір ой-пікірлерімді тиісті орындарға жолдаған да жайым бар. Ондағы бар мақсатым, мемлекетіміз бен халқымыз осы бір уақытша ауыртпалықтардан неғұрлым аз шығындармен шықса екен. Осыған бәріміз де мүдделі болып, қысылтаяң кезеңде түсінушілік пен ұйымшылдық танытсақ, нұр үстіне нұр.
Қайыржан МАҚЫШЕВ,
санитарлық дәрігер, еңбек ардагері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар