Эколог мамандар жасаған қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау жобасы әр нысан үшін жобалық құжаттаманың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Сондай-ақ, құрылысқа рұқсат алу үшін жаңа нысан пайдалануға берілгенде қоршаған ортаға залал тигізбейді деген дәлел талап етіледі. Өндірістік жұмысты жүргізу алдында қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау үрдісінен өту міндет екені Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінде белгіленген.
Осы заңға сәйкес қоршаған ортаға әсерін анықтамай, шаруашылық және өзге де жұмыс жобаларын жасауға және жүзеге асыруға жол берілмейді. Жоғарыда жазылған материалдар негізінде қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау мемлекеттік экологиялық сараптаманың маңызды нысаны болып табылады.
Қазақстан Республикасы Кодексі қоршаған ортаға ықпал етуді бағалауды реттейтін үрдістің негізгі құжаты. Мұндағы «Қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау» деп аталатын 6 тарау осы қоршаған ортаға ықпал етуді бағалауға арналған. Тиісті шешімдер дайындау негізгі құжаттардан өзге Қазақстан Республикасы Жер, су, орман кодексіне және өзге де бірқатар нормативтік құжаттарға сүйенеді. Қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау дайындығының міндетті жағдайы қоршаған ортаны қорғау, табиғи орта сапасының нормативтері, құрылыс нормасы мен ережесі, санитарлық норма мен ережесі тәрізді мемлекеттік стандарттар жүйесін пайдалану болып табылады. Қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау салынатын нақты ауқымды немесе экологиялық қауіпті нысандар мен ғимараттардың жобалық құжаттамалары үшін жасалады. Жобалық құжаттамамен бірге мемлекеттік экологиялық сараптама келісімге ұсынылады. Қазақстан Республикасында шаруашылық пен өзге жұмысқа негізделген жоспар немесе жоспарлық жоба алдында және жобалық құжаттамалар жасау үрдісінде қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау үрдісі Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексіне сәйкес кезең-кезеңмен жүргізіледі. Негізгі құжаттың кіріспесі «Экологиялық зардаптар жөніндегі өтініш» болып табылады.
Негізгі құжаттама нәтижесі бойынша жобалық құжаттама мердігермен дайындалып, жобалық материалдар құрамында мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылады. Экологиялық зардаптар жөніндегі өтініш негізгі құжаттың үрдісін орындау барысында қарастырылады. Алдағы жұмысты келісу кезіндегі міндетті үрдіс негізгі құжат материалдарын дайындауда және талқылауда қоғамның пікірін тыңдау болып табылады. Қоршаған ортаға ықпал етуді бағалаудың мақсаты экологиялық сараптаманың мақсатына өте ұқсас. Заң бойынша қоршаған табиғи ортаға шаруашылық пен өзге жұмыстың кері ықпалын, оған байланысты әлеуметтік, экономикалық және өзге экологиялық сараптама нысанын жүзеге асыру салдарын ескерту, сондай-ақ, ақпаратқа, қолайлы табиғи орта мен экологиялық қауіпсіздікке Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқын жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет. Қоршаған ортаға ықпал етуді бағалаудың жоғарыда жазылған үрдісінің негізі кез-келген шаруашылықтың түрлері мен өзге жұмыс үшін міндетті болып табылады. Ол қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына тікелей немесе жанама ықпал ете алады. Сөйтіп, оған өндіріс жұмысының барлық түрін бағалауға экология саласында қолданылатын шаралар кешенінде маңызды орын беріледі.
Аялым НҰРЛАН,
Ақмола облыстық экология департаментінің бас маманы.