Макинск қаласының көшелері жаңартылуда

Аудан әкімдігінің мәліметінше, Макинск қаласының желілік бөлігіне жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Яғни, аудан орталығындағы сегіз көшеге қиыршық тас төселеді. Бұл жұмыстар Куйбышев, Лермонтов, Калинин, Маяковский, Горький, Ломоносов, Пархоменко, Громов көшелерінде қолға алынады.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында Скуридин көшесіне жол таңбалары, белгілері, су өткізу құбырлары орнатылып, асфальт төселетін болады.

Пристанционная және Элеватор көшелерінде шұңқырларды жөндеу және ішінара асфальт жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары қарқын ала бастады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар