Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Судағы қауіпсіздік ережелерін естен шығармаған жөн - АРҚА АЖАРЫ

Судағы қауіпсіздік ережелерін естен шығармаған жөн

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті аппаратының қызметкерлері дене шынықтыру дайындығы аясында «Бурабай» спорттық сауықтыру базасында суға батып бара жатқан адамдарды құтқару бойынша сабақтар өтуде, – деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Аталмыш департамент бастығының орынбасары Қайрат Қасымның айтуынша, облыста демалуға және шомылуға жарамды 561 су қоймасы мен 61 кәсіби құтқарушы бар. Осы себепті облыстың су айдындарындағы алдын алу жұмыстарына күнделікті жұмыста «кеңсе» жұмысымен айналысатын департамент аппаратының қызметкерлері белсенді түрде тартылуда. Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде әртүрлі штаттан тыс жағдайлар туындауы мүмкін. Сол себепті дене шынықтыру дайындығы кезінде өздерінің қарамағындағы жабдықтар мен құтқару құралдарының көмегімен суға батып бара жатқан адамдарды құтқару бойынша түрлі тәсілдер пысықталады екен.

Бұған дейін, естеріңізде болса, ағымдағы жылдың шомылу маусымының басынан бері суда адамдардың қаза болуының екі фактісі тіркеліп, үш бала қаза тапқан болатын. Сондықтан, облыстық Ттөтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін қатаң ескертеді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар