Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Баспасөзге жазылушы» күні өтті - АРҚА АЖАРЫ

«Баспасөзге жазылушы» күні өтті

«Қазпошта» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалында жаңа 2024 жылға арналған «Баспасөзге жазылушы» күні болып өтті.

Оған Ақмола облыстық «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттермен қоса, республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», қалалық «Көкшетау», «Степной маяк», «Кокшетау сегодня» газеттері қатысып, өз өнімдерін жұртшылыққа ұсынып, жаңа жылға баспасөзге жазылудың басталғанынан хабардар етті.

Іс-шараның ашылуында «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры Қайрат Бекенов және директордың орынбасары Мұрат Қазбеков құттықтау сөз сөйлеп, газеттермен бірлескен жұмыстың болашақта да қиындығы бірге еңсеріліп, тиімді тұстарының жалғасатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі Байқал Байәділов және облыстық «Акмолинская правда» газетінің бас редакторы Владислава Кокорина, облыстық «Арқа ажары» газеттінің жауапты хатшысы Асылай Айжарықова газеттің бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталып, газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі болып қала беруі үшін оқырмандардың да атсалысуына ықыласты болуын атап көрсете келе, «Қазпошта» акционерлік қоғамының өткізіп отырған ізгі шарасына ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, шара барысында бұқаралық ақпарат саласының қызметкерлерімен баспасөзге жазылушылар арасында «Әжемнің қоймасы» атты ұтыс ойыны ойналды.

Бұқаралық ақпарат құралдары – халық пен биліктің арасындағы алтын көпір. Ақпарат айдынындағы кез-келген басылым қоғамүшін жұмыс істеуі тиіс. Себебі, журналистика қоғаммен бірге өмір сүреді, қоғаммен бірге тыныстайды. Әсіресе, газет-журнал өзі өмір сүрген кезеңдегі оқиға, құбылыстарды өз оқырманына нақты, дәйекті жеткізе білуі керек. Өйткені, күні ертең ол мақалада келтірілген дерек – сол кездің тарихына айналады.

Бүгінгі ақпараттық-технология қарыштап дамыған қоғамдағаламтор айнымас досымызға айналғандай. Десе де, ғаламтормен жұмыс істеу тиімді әрі жедел болғанымен, ондағы ақпараттың дәлдігімен шынайылығына ешкім кепілдік бере алмайды. Ал, баспасөз беттерінде нақты мәліметтер ғана жарияланады. Елдегі болып жатқан елеулі оқиғаларды жұртшылыққа жеткізіп, жан дүниеңді байытып, ой-өрісіңді өсіретін, ойға ой қосып, таным көкжиегін кеңейтетін де газет емес пе?! Қажет ақпаратты газетті қолмен ұстап,сезініп оқыған көңілге де қонымды, жүрекке жақын.

Газет – қаншама адамның үздіксіз ізденісі, табанды еңбегі. Ел азаматтарының ізгі істері, қоғамдағы өзекті мәселелер жайын айтқан журналистердің салмақты сөздерін көбіне газет бетіненғана табатыныңызды ұмытпаңыз. Газет оқу бұл – зиялылықтың да белгісі. Сондықтан, оқырмандарымызға Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетіне жазылыңыздар, басқа да басылымдарды оқыңыздар демекпіз.

  Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар