Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты қалалық тілдерді оқыту орталығында шағын және орта бизнес өкілдеріне Қөкшетау қала тұрғындарына арналған «Сөйле.кз» клубы жұмыс істейді. Қазіргі таңда бұл клубта 26 тыңдаушы білім алуда.
Тыңдаушылардың жас ерекшеліктері әртүрлі болғанымен тілді үйренуге деген қызығушылықтары ортақ. Сондықтан аптасына екі рет сабағымызға қуана келеді. Клубтың негізгі мақсаты тіл үйренушілерге алдымен ауызекі тілді меңгерту болып табылады. Сөйлеу, айту, интонациялық, лексикалық дағдыларын қалыптастыру, мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өтетін сабақтар ойын түрінде, көрнекі ақпарат арқылы, графикалық символдарының көмегімен меңгеріледі.
Оқыту бағдарламасы қызықты 16 модульден тұрады. Мысалы, «Менің бос уақытым», «Отбасы мүшелері», «Менің сүйікті ісім», «Сауда отралығында», «Менің қалам» тағы басқа тақырыптар арқылы әр қатысушының ой-танымын, зердесін арттыруға тырысамыз.
Қазақ тілін насихаттау және қарым-қатынас тіліне айналдыру мақсатында клуб мүшелерімен бірлесе ірі сауда орталықтарында қала тұрғындарымен ойындар, викториналар, сайыстар өткізіп тұрамыз. Халыққа тілдескіштер таратамыз. Клубтың қызықты жаңалықтары әлеуметтік желі арқылы үнемі жарияланып тұрады.
Гүлдана ЕСМУРЗИНА,
Көкшетау қалалық тілдерді оқыту орталығының директоры.