Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Жастар керуені» жобасы: Семей қаласына саяхат - АРҚА АЖАРЫ

«Жастар керуені» жобасы: Семей қаласына саяхат

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының басымдықтарын іске асыру аясындаақмолалық жастарды Қазақстанның мәдени шаһарларының бірі – Семей қаласының тарихи нысандарымен таныстыруды көздейтін «Жастар керуені» жобасы іске асырылды.

Жобаның мақсаты қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының басымдықтарын іске асыру, жастардың бойында отансүйгіштік сезімдерді дамыту, өңірлердегі жастар мен жасөспірімдерді республиканың киелі, туристік әлеуеті зор жерлерімен таныстыру болып табылады. Жобаға қатысқан делегация құрамы Ақмола облысының жастар ұйымдарының көшбасшылары, белсенділері мен волонтерлерден және жастармен тікелей жұмыс атқаратын мекеме қызметкерлерінен тұрды. Аталмыш шараны Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы қолдап, ұйымдастырды.

–Семей шаһары мен осы өлкенің біз басқан топырағы, кең даласы тарихтың тереңінде жатыр. Тәуелсіздік жылдарында бұл өңірде сакралды аймақтар жақсы дамыған.Экспедиция барысында М.Әуезовтің мұражайы, Жидебайдағы Абайдың мұражайүйі, Шәкәрімнің мұражайүйі, М.Әуезовтің Бөрілідегі мұражайүйі, Әйгілі Неврозовтар отбасымұражайын араладық. Ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды қазақтың алыптары туған өлкеде Алаштың тарихы сіңген Шыңғыстау әрқайсымыз бұрыннан білетін Еңлік пен Кебектің бастан кешкен мейірімсіз махаббаттары өткен жерлердің қадір-қасиетіне бойлатты. Жергілікті облыстық, қалалық және аудандық Жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен мамандары өңірді аралауға өз көмектерін тигізді. Абай облысы өзінің тарихи-сакралды ескерткіштерімен, мәдени келбетімен ерекшелене отырып, біздің таңқалдырды, –дейді өз сөзінде жоба қатысушысы, өңірлік «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесінің маманы Дидар Хамзин.

Семей «Қазақстанның тарихи орталығы» деген ерекше мәртебеге ие.Қала еліміздің мәдени астанасы болып саналады, өйткені, оның көптеген тұрғындары қазақ мәдениеті мен өнерінің негізін салушылар болып табылады.

Сонымен, бұл рухани сапар қатысушыларға не берді? Енді осыған келсек, олар осы сапармен ел, жер тану тұрғысында өздерінің азаматтық парыздарының бірін орындағандай сезінді. Еліміздегі тарихы терең осындай әсем мекенді аралап, ұлы ақын-жазушыларымыздың туып-өскен үйлерінде болып, олардың жеке қолданған заттарын көріп, саналуан жағымды көңіл-күйге бөленді.

Сөйтіп, мазмұнды да мағыналы бұл сапар әр жүректе өзінің тартымдылығы, танымдық тұстарымен ұзақ сақталатын болды.

Жеңіс БАЛАБЕКОВ,
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының
баспасөз қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар