Әлеуметтік қорғау
Ақмола облысында тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта Көкшетау, Щучинск қалалары және Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласында жаңа заманауи тұрғын үйлер салынуда.
– Бүгінде аудан орталығында ескі және тозығы жеткен тұрғын үйлер саны аз емес. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған жаңғырту бағдарламасының басты мақсаты осындай үйлердің санын азайту, – деп хабарлады аудан әкімдігі.
Макинск қаласында «Жаңғырту» бағдарламасы аясында 60 пәтерлік екі жаңа үйдің құрылысы басталды. Жобаға «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы атсалысуда.
Қазіргі уақытта жер учаскесінің құжаттары рәсімделіп, мердігер анықталған. Құрылыс алаңына іргетас блоктары жеткізіліп, құйылды. Іргетас блоктарын орнату және қадақағу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, қазаншұңқырды әзірлеу жұмысы аяқталды.
Нысанда шамамен 20 маман мен 5 техника жұмыс істеп жатыр, құрылыс барысына қарай, тағы 10 құрылыс бригадасының қосылуы күтілуде. Аудан әкімдігінің мәліметінше, құрылысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
![]()

