Search Results for: Рухани жаңғыру

Азаттық архитекторы

Биыл еліміз үшін ең қастерлі құндылық – егемендігіміздің еңсе тіктеген елеулі отыз жылына қадам бастық. Бүкіл адамзат алаңдап отырған ауыр ахуалға, планеталық пандемияға қарамастан, тұғырлы тәуелсіздігіміздің торқалы тойын өз дәрежесінде мерекелеуіміз керек. Себебі Ұлы дала төсін мыңдаған жылдар бойы мекен еткен көшпелі көк түріктердің асыл ұрпақтары үшін бостандықтан артық бағалы ұғым жоқ, егемендіктен ерекше сый болған емес. Тарлан тарихқа терең үңілетін болсақ, бұл алтын Азаттыққа алты Алаш баласының қолы бір күнде жете салмады. Қазақ ұлысының қабырғалы ел болуы жолында қаншама қайраткер тұлғалар осы бостандық үшін бастарын бәйгеге тіге жүріп, бүгінгі бақуатты Қазақстанның бақанын тіктеді. Кемеңгер бабалардың кемел жолын ұстана жүріп кең-байтақ территориямыздың шекарасы шегенделді. Қос құлаш қастерлі Көк туымыз биік желбіреп рухымызды оятты, асқақ шырқалған Әнұранымыз шерлі шежіремізді баян етті. Қазақта «Тәуекел түбі жел қайық, өтесің де кетесің, Уайым түбі…
Read More

«Ақмола жұлдыздары-2021» облыстық халық шығармашылығы байқауының гала-концерті өтті

Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасы «Рухани қазына» кіші бағдарламасынының «Өңірлік мәдениет, дәстүрлер мен құндылықтар» базалық жобасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ақмола жұлдыздары-2021» облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауының қорытынды гала-концертіп, жүлдегерлер марапатталды. «Дәстүрлі түрде өткізілетін байқау өңіріміздің мәдени өмірінде өзіндік орны бар ең ірі жоба. Байқау облысымыздың көркемөнерпаз әртістеріне түрлі жанрларда таланттарын көрсетуге, шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді, сондай-ақ мәдениетті өзара байытудың, қоғамды топтастырудың, ұлттың генетикалық кодын: тілді, руханилықты, дәстүрді және Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтаудың жарқын үлгісі болып табылады», - деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының баспасөз қызметі. Гала-концерт аясында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты шеберлердің үздік туындылары ұсынылған сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Көрермендер қайта жаңғырған халықтық қолөнер бұйымдары мен техникаларына асқан қызығушылық танытты. Көрмеге облысы аудандарының қолөнер шеберлері мен суретшілерінің  200-ден астам туындылары…
Read More

Билік жүйесіндегі сабақтастық – дұрыс таңдалған жол

Елімізді отыз жылға жуық басқарған, жаңа замандағы тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 19 сәуірінде елдегі билікті келесі Президентке тапсыру жөнінде транзит жасауды бастады. Бұл үдеріс көптеген шетелдік сарапшылардың пікірінше, бірауыздан ерекше саяси, әрі батыл қадам деп бағаланды. Сөйтіп, еліміздегі билік жүйесіндегі лауазымды тұлғалардың бейбіт, эволюциялық жолмен ауысуы қамтамасыз етілді. Бұл бағытта бей-берекетсіздікке жол берілмеді. Осындай форматтағы биліктегі тұлғалардың ауысуын осыдан бірер жыл бұрын Қытай Халық Республикасында Дэн Сяопин жүзеге асырса, посткеңестік кеңістікте табысты түрде жүзеге асырып отырған еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болып отыр. Қарашаның 23-і күні еліміздегі «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінде сөйлеген сөзінде бұл қадамдарға ел басшылығының көп ойласып барғандықтары мәдімделіп отыр. Әлемдегі территориялық жағынан ірі, халқының этникалық, конфессиялық құрамы әртекті мемлекеттер қатарындағы Қазақстан секілді ел үшін биліктің бірегейлігі принципі аксиома екендігі баса айтылып…
Read More

Менің елім, менің елім, гүлің болып төгілемін

Тәуелсіздік!.. Міне, осынау сөздің астарында қаншама мағына жатыр десеңізші. Иә, айтып жеткісіз. Әу баста-ақ жер бетіндегі тіршілік иесі Адам ата адам баласы болып жаратылғалы еркіндік пен азаттықты көксегені шындық. Тағылық пен жалғыздықты бастан кешкен олар бертін келе толысып, пендешілікпен күн кеше отырып, бағзы замандағы күйкі тірлікті былай қойып, өз-өзіне сенім артып, мынау жалғанда емін-еркін өмір сүруді қалағандығы тағы рас. Сөйтіп, ұлыс ұлысқа, ру мен тайпаға бөлінген әлемдегі барша халықпен бірге жергілікті ұлт өкілдері де, алдымен әуелде қырғыз атанған біздің қазақ халқы да жеке дара көш бастауға ұмтылды. Мұның аяғы Тәуелсіздікке әкеліп жеткізді. Яғни, жүздеген жыл, ғасырлар бойы күші үстемділердің аяқ астында бодандықта жүрген қазақ халқы өздері арман еткен бостандық пен Тәуелсіздіктің туын тікті. Әнұранымызда айтылатындай: Менің елім, Менің елім, Гүлің болып төгілемін,.. деп қалайша жырламасқа. Иә десейші, егеменді ел болдық…
Read More

Ұлы мұраттарға ұмтылыс

Тәуелсіздікті әркім әртүрлі түсінеді. Бірі оны – ар мен ождан айқасы десе, бірі Тәңірден келген тәтті сыйға балайды. Әрине, алғашқы теңеудің артық-кемі жоқ. Ал екіншісі көңілдің желімен айтылған лала лебіздей көрінеді кейде. Неге десеңіз, бабаның мөрдей қанымен, ананың көлдей жасымен келген азаттықтың ақ таңын кәдесыйдай көру – тарихы ықылым дәуірлермен шектесіп жатқан жас мемлекетіміздің байтақ мәнін бәсеңдететіндей. Ұлы Отанымыз бүгінге дейін небір қиындықтарды еңсерді. Алда ұлы мұрат жолында әлі талай асулар жатыр. Біздіңше, тәуелсіз буын түсінігіндегі «Тәуелсіздік» басқаша болуы тиіс. Шынында, тәуелсіз мемлекет құру бақыты XX ғасырдың соңында біздің ұрпақтың тәлейіне бұйырды. Ал «оны ақылмен, жауапкершілікпен жүзеге асыру – біздің парызымыз», деді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде. Сол асқақ арман биігіндегі күрес тұтас ұлттық идеяға айналуымен ерекшеленді. Қараша халық қолдады, баянды ету бәрімізге ортақ іс саналды. Бұл егемен елдің жаңаруына…
Read More

Жастардың болашаққа бағдар жолы

Дәл осындай атаумен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Көкшетау қаласындағы жастар ресурстық орталығының өкілдері форум өткізді. Шара аясында өңірдің белсенді жастары «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовпен Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттық жиынтығын талқылау жөнінде ашық пікір алаңын ұйымдастырды. Жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын мақалада ертеңгі ел тұтқасы – бүгінгі жастарға үлкен сенім артылатыны баса айтылған. Ол үшін жастар саналы, білімді, мәдениетті болу керектігі Елбасы еңбегінде баса тілге тиек етілді. –Бұл құнды дүниеден халықтың рухани тірегі тәлім-тәрбие, ұлттық құндылықтар, білім алу мен еңбек ету, ұлттық мәдениет пен татулық екенін байқаған боларсыздар. Енді, сіздерге қояр сұрағым бар. Елдің берік тұғыры саналатын осы сипаттар не себепті дәл қазір айтылып, оған мән беріліп жатыр деп ойлайсыздар? – деген «Nur Otan» партиясының өкілі Ғалым Бекмағамбетовтің…
Read More

«Біз – Абай жолындамыз!»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз» деп атап көрсеткен болатын. Осы пікірді ұстанған Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің өкілдері өңірдегі жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Біз – Абай жолындамыз!» облыстық байқауын ұйымдастырды. Олардың мәлімдеуінше, сайысқа 30 шақты студент қатысып, бақтарын сынаған. –Жалпы, тарих – ұлы адамдардың өмірбаяны. Ал, қазақтың өткенінде алыптардан кім бар десек, ең әуелі есімізге ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлы түсетіні анық. Оның терең мағыналы пәлсапасы, ұлттың рухани өзегіне айналған көркем поэзиясы тағылымдық мәнінен еш ажыраған емес. Бүгінгі күнде де, келешекте де Абайдың рухани бейнесі әр қазақтың баласына…
Read More

Көкшетауда «Үздік экскурсовод» республикалық байқауының жүлдегерлері анықталды

Облыстық мәдениет басқармасының мәліметінше, Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы – Көкшетау қаласында тұңғыш рет «Үздік экскурсовод» республикалық байқауы өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30» жұлдызды күн аясында Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған байқауға Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген 12 білікті экскурсовод қатысты. Бүгінгі жаһандану заманында еліміздің тарихы мен айбарын халыққа танытып, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы жоспарлар мен істерді ел ішіне жеткізу маңызды да жауапты міндеттің бірі болып отыр. Осы орайда халқымыздың ғасырлардан тамыр тартатын өткенін, яғни, тарихын халық арасына, кейінгі ұрпаққа таратуда музейлердің маңызы зор. Музей - ғылыми, мәдени-тарихи орталық. Музейлер - бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін жинақы түрде ұрпақтан ұрпаққа жалғап отыратын институт. Сонымен қатар ол жинақталған мұраны ғылыми түрде зерттеп, зерделеп, халықтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін танытып отырады. Осы орайда,…
Read More

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 1991 жылдың 1 желтоқсанында бірінші бүкілхалықтық сайлауда сайланған Қазақстанның Тұңғыш Президенті және Елбасы. Н.Ә.Назарбаевтың тұлғасы ел өміріндегі тұтас дәуірді белгілейді. Ұлттық рухты оятып, мемлекеттілігімізді жаң­ғырту миссиясы қазіргі жаһандық саясат сардарларының бірі – Нұрсұлтан Назарбаевтың еншісіне тиді. Оның тұғырлы тұлғасы ғасырлар бойы бақытты ұрпағымыз үшін темірқазықтай жол сілтеп тұрады. Тәуелсіздік таңы атқан кезде халқымыз жаңа Қазақстанның негізін қалап, қалып­тастыруды дәл осы азаматқа сеніп тапсырды. Уақыт осынау маңызды таңдаудың дұрыс­тығын дәлелдеді. Оның шынайы егемендіктің негізін қа­лауға, тиімді экономиканы қалыптастыруға, үйлесімді қоғам құруға және ұлт тарихының жаңа кезеңіндегі ел дамуының басымдық­та­рын анықтауға бағытталған көпқырлы қыз­метінің мазмұны мен мәні Қазақстанның Тұңғыш Президентін қазіргі мем­ле­кет­тігі­міздің негізін қалаушы әрі ұлттың нағыз көш­басшысы ретінде мойындау үшін салмақты дәлел болады. Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи фено­мені ұлттың жасампаз әлеуетін үйлестіріп, әлемде «Қазақстан барысының секірісі» деген атауға…
Read More

Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент

Тәуелсіздік құбылысы Ұлы дала төріндегі Мәңгілік ел идеясымен, мемлекеттің қамал-қорғанындай шекарасымен, қорғаныс қабілетімен, ұлттық-тарихи санасымен, ана тілімен, ата дәстүрімен, Ата Заңымен, желбіреген көк Туымен, Елтаңбасымен, Әнұранымен, төл теңгесімен, бірегей рухани құндылықтарымен, ғылыми-шығармашылық әлеуетімен, асқақ та айбарлы астанасымен, ұлы көшті жанартаудай лапылдап, жасындай жарқылдап жаңа өріске бастаушы Елбасымен төркіндес. Елбасының көптомдық «Таңдамалы сөздер», «Тәуелсіздік дәуірі» тәрізді энциклопедиялық сипатқа ие еңбектерінде Тәуелсіздіктің эпопеясы: тарихи әділеттілік салтанаты, мемлекет құрудың стратегиясы, мемлекет құрылымдарын жасақтау, сот билігін қалыптастыру, көші-қон керуенін жүзеге асыру, Қазақстанның еуразиялық көшбасшылығы, мемлекетті басқару жүйесі, Қарулы Күштер реформасы, әлемдік дінбасылардың бас қосуы, мемлекеттік-әлеуметтік саясаты, Қазақстанның бітімгерлік миссиясы, Ұлы дала елі тарихындағы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту жайында толық баяндалған. Ұлт тарихындағы Қазақ хандығы дәуірі – тарихи ерліктер мен рухани игіліктер жасаған, Ұлы далада ту тіккен ардақты, арыстандай айбарлы хандарымыздың, атамекенін қорғаған,…
Read More

БОЛАШАҚҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН ТҰҒЫРЛАР

Күні кеше ғана өткен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы барша қазақстандық қоғам үшін аса елеулі оқиға болды деп айтуға болады. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздігіміздің 30 жылында, партия құрылғаннан бергі жиырма жылда елімізде болып өткен ұлан-ғайыр өзгерістер мен жетістіктерді талдай келе, принциптік маңызы жоғары тұжырымдар жасады. «Қуатты елге айналып, бірлігі бекем қоғам құрдық», – деді Елбасы. Ол өткен отыз жылда дүниеге 9,5 миллионнан астам қазақстандық сәби келгеніне, олардың бүгінде көзі ашық, көкірегі ояу, санасы азат, ойы озық жаңа буын екеніне және болашақ жарқын қоғамды дамытатын нақ осы жастар болатынына сенім арта отырып, солар үшін жаңа дәуірде бағыт-бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынатынын жеткізді. Өскелең ұрпаққа аманат ретінде жолданып отырған бұл қағидаттар Нұрекеңнің бұдан бұрын жазылған «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларының логикалық…
Read More

Меценат өз қаржысына ауылға дәрігерлік амбулатория ашып берді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Целиноград ауданының Тасты ауылында дәрігерлік амбулатория есігін айқара ашты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» кіші жобасын іске асыру шеңберінде ашылған ауылдық дәрігерлік амбулатория жергілікті «АКА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылған. Дәрігерлік амбулатория 25 келушіге, күндізгі стационарға 4-8 төсек-орынға шақталған. Онда 1 дәрігер, 2 орта медициналық қызметкер, 1 акушер жұмыс істейді. «Талды ауылының тұрғындары Целиноград ауданының Құрметті азаматы, меценат, «АКА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Қуанышбек Ахмединге осындай сый үшін өте ризамыз», - деді Тасты ауылының қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Жақсылық Өтешов. Аудан әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі күні Талды ауылында тұратын нақты халық саны 1075 адам болса, бекітілген қызмет көрсетілетін халық саны 824 адамды құрап отыр.
Read More

Қазақ тілі – әлеуеті мол тіл

Кез-келген ұлт үшін ең үлкен байлық – оның ана тілі, мәдениеті және мұрасы. Әрбір халықтың мақтан тұтатыны, ол – ана тілі. Қазақ тілінің тарихы ежелден бастау алады. Қазақ тілі – өте бай тіл. Бұл тілде екі миллионнан астам термин бар. Біздің халқымыз тек тілімен ғана емес, сонау ата-бабаларымыздан бері бойына сіңірген бай мәдениетімен де танымал. Көптеген қазақтың батырлары ұлттың тәуелсіздігі мен гүлденуі үшін талай шайқастарды бастан кешті. Болашақ ұрпақ ештеңеге мұқтаж болмауы, ашық аспан астында өмір сүруі олар үшін басты мақсат болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бағытын айқындады. Жаңа әліпбиге көшуге дайындық кезінде 1929 жылы КСРО түркі халықтарының жазуын латын әліпбиіне көшірудің тарихи тәжірибесі зерделенді. Тарихқа көз жүгіртсек, ХХ ғасырдың 20-40-жылдарының басында Қазақстанда бірнеше рет жазу реформасы жүргізілді. Қазақ жазуының даму тарихы…
Read More

Көзделген жұмыстар өз кезегімен атқарыла береді

Жақсы ауданының әкімі Алмагүл Қадырәлина өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қол жеткізілген табыстар мен алдағы уақытта шешімін тілейтін мәселелер жөнінде айтып берді. Аудан әкімі азаматтардың қолайлы өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған Мемлекет басшысының алға қойған тапсырмаларын тілге тиек ете келіп, 9 айдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық бағыты бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті. Жыл өткен сайын инвестиция көлемі ұлғаюда. Есепті кезеңде экономиканы дамытуға 9,2 миллиард теңге бағытталды. Ауданда жол жөндеу бойынша 40 жоба жүзеге асырылды. Бүгінгі күні аудандық маңызы бар жолдың 67 пайызы, кентішілік жолдың 42 пайызы көңіл көншітпейді. Әлеуметтік саланың 4 нысанына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де біртіндеп шешіліп келеді. Мемлекеттік инвестиция есебінен «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған…
Read More

Талап болса, шеберлік қолдан келетін іс

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыстық «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетанушылық сәндік-қолданбалы шығармашылық байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараны «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізіп, оған өңіріміздің 16 ауданы, Көкшетау және Степногорск қалаларынан оқушылар қатысты. Байқау балалар мен жасөспірімдердің сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал етуге, көркем және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмасуға бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалардың қолдарынан шыққан шығармашылық жұмыстар әртүрлі техникалармен және қызықты композициялық әдістермен ерекшеленеді. Байқауға 150-ден астам жұмыс келіп түсіпті. Байқау қорытындысына тоқталсақ, «Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым» аталымында Жақсы ауданының Оқушылар үйінен қатысқан Гүлсім Төлегенованың, «Табиғи материалдардан жасалған бұйым» бойынша аталмыш ауданның К.Өскенбаев атындағы мектебінің оқушысы Никита Морозовтың, «Матадан жасалған бұйымдар» аталымында Степногорск қаласындағы Л.Н.Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясының оқушысы Ангелина Рожкованың, «Тұрмысқа арналған…
Read More