Category Archives: Денсаулық

Шашымызды қалай күтуге болады?

Шаш күтімі мен бас терісінің саулығы үшін жуу тәсілдері мен тұрақтылығы басты рөл атқарады. Оның маңыздылығы, біріншіден тазалық, екіншіден сырттан қараған адамға кірлеген шаш оның иесі жайлы да көп мәлімет береді.

Дәрігерлердің мейірімі де шипа болды

Жуырда сырқаттанып, Көкшетау қалалық ауруханасының пульмонология бөлімшесінде емделіп шықтым. Рас, қазір бұрынғы заманның кең кезіндегідей, ауруханада көп жату жоқ. Дәрігерлер он күнге жетер-жетпес уақытта жедел емдеп, үйге шығарады екен.

Қандай тамақ ішіп жүрміз?!.

Ақмола облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Азамат Дүйсеновтың төрағалығымен 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен 2018 жылдың негізгі міндеттеріне арналған алқа отырысы болып өтті.

Ерте тұрудың пайдасы

Қазақта «ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деген нақыл бар. Мұсылман дінінде де ерте тұру міндеттеледі, яғни, әрбір мұсылман ерте тұрып таң намазын оқуы тиіс. Жалғыз ислам емес, барлық дәстүрлі діндерде ерте тұрып, құлшылық ету сол дінді ұстанушыларға міндет болып саналады.

Тегін медициналық көмек алуға құқылы

2018 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еліміздің азаматтарымен тең дәрежеде медициналық көмек алуға құқығы бар.

Екпе алу – денсаулық кепілі

Облыс орталығындағы №1 қалалық емханада «Вакцинация және иммунитет» атты тақырыпта профилактикалық екпе егу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел мәжілісі болып өтті.

Ауылдағы тіс дәрігері

Сандықтау ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның тіс дәрігері Надежда Журавлева ұзақ жылдық тәжірибесі бар өз ісінің білікті маманы. Тісі

Абайлаңыз! Пайдалану мерзімі өтіп кеткен, бүлінуге айналған азық-түлік сатып алып жүрмеңіз!

Күнделікті дүкеннен, болмаса базардан сатып алып, тұтынып жүрген азық-түлік өнімдері денсаулыққа қауіпсіз бе, сапалық жағынан санитарлық талаптарға жауап бере ме? Өкінішке орай, түрлі әлеміштенген орамдарға оралып ұсынылатын тауарлардың сапалы, не сапасыз екендігін бәріміз біле бермейміз. Бұл арада тұтынушыға Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің облыстық департаменті қызметкерлері көмекке келеді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында халыққа медициналық көмек көрсету мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілді

2017 жылдың 13 желтоқсанында өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» заңында көзделген сенаторлардың түзетулерімен келісті.

Уақыт жаңа көзқарасты талап етеді

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше ыждаһаттылықпен ден қойылуы көп жайды аңғартса керек. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында елімізде 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» республикалық кешенді бағдарламасы қабылданып бекітілді. Осы мемлекеттік бағдарлама аясында, біздің облысымызда денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында көптеген игі істер атқарылып, жүзеге асып отыр.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде…

Дәл осылай тауып айтқан дана халқымыздың «Сақтансаң-сақтайды» деп өте орынды ескертуі де тегін болмаса керек. Ал, осы айтылған қанатты сөздерді бүгінгі таңда ең алдымен қатерлі дерт – туберкулезге байланысты қолдануға болады.

Үміт үзбеу керек

Туберкулез – ежелгі дерт және онымен күресу Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің жұмысындағы басты бағыттардың бірі. Заманауи туберкулез өткен ғасырдың романдарында сипатталған туберкулезге ұқсас емес. Ертеде бұл дертке адамдардың нақты бір категориясы: әлеуметтік қорғалмағандар, нашар тұрмыстық жағдайларда, тіпті баспанасыз далада тұрып жатқандар шалдығатын еді.

Ұлт саулығы – басты байлығымыз

Әрбір адам өз денсаулығына аса жауапкершілікпен қарауы керек. Медициналық көмек пен емдеуге ғана негізделген, әбден қалыптасып кеткен әдет-ғұрыптан арылуымыз қажет. Әр адам өз денсаулығын қоғамның, еліміздің байлығы деп түсінгені жөн.

Әлеуметтік мәртебеңізді тексеріңіз

Азаматтар міндетті медициналық сақтандыру шеңберіндегі өзінің әлеуметтік мәртебесін E-gov порталында тексере алады.

Медициналық сақтандыру қалай жүзеге асырылуда

Қазіргі таңда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде дәрігерлік қызмет көрсетуге медицина ұйымдарының өтініштері