Қанаттың құтты қадамы

Первомай орта мектебінің директоры Қанат Егінбаев Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай педагогикалық университетін бітіріп, «Дипломмен – ауылға!»

бағдарламасы бойынша сол облыстағы Қарынсалды ауылында өзінің еңбек жолын бастады. Кейінірек Ақмола облысының Астрахан ауданындағы Петров орта мектебіне ауысты. Құқық пәнінің мұғалімі, міне осымен бесінші оқу жылында аталған мектептің мұғалімдер ұжымын сәтті басқарып келеді. Мектеп аудандағы үлгілі білім ордаларының бірі болып саналады және «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы арқылы мектеп ұжымының қатары жыл сайын жас мамандармен толығуда. Өткен жылы Еуразия гуманитарлық колледжін бітірген қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Диас Ысқақов мектепте жемісті еңбек етуде. Ол сонымен қатар бір уақытта Еуразия университетінде қашықтан оқып, білімін жетілдіру үстінде. Ал, Виолетта Рингельманның мұғалімдік жолының басталуы ерекше, әрі қызық. «Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан тұтынушылар одағы жоғары сауда-экономикалық университетінің тіл білімі факультетін бітірген соң, мен жазда құрбым Анжела Каменскаяға, Первомай ауылына келген едім. Интернеттегі жарнама бойынша сұхбаттасудан өтіп ағылшын тілі пәнінен мұғалім болып орналастым. Маған ауыл мен оның тұрғындары ұнайды, ал, балалары өте сүйкімді. Сөйтіп, мен өмірімді жаңа жолдан бастауды жөн көрдім», – дейді ол.
Бұдан басқа, Виолетта Сергеевна қолданбалы француз тілін және мемлекеттік тілді де меңгерген.
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
Суретте: мектеп директоры Қанат Егінбаев жас мамандармен жұмыс жайын талқылауда.
Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар