Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін ертегілерді сахналау арқылы дамыту

Бүгінгі жас ұрпақты тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы – балабақша. Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде тәрбиенің алатын рөлі өте зор. Баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің бірі ертегілер.

Мектеп жасындағы балаларға ертегілерді оқып беру арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Тыңдау, есту, көру арқылы олардың ақыл ойы дамиды. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақты жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді.
Балабақшада біздің бүлдіршіндеріміз «Үйшік» ертегісін үш тілде сахналады. Соның ішінде тышқан рөлін №12 «Гүлім» тобының бүлдіршіні Алина Рахымжанова ойнап берді.
Рөлді ойнау арқылы бала жақсы қасиеттерді ажырата біледі. Жаман қасиеттерді қайталамауға тырысады.
Балалардың өздері театрдан көрген, өздері қойған сахналық қойылымдар олардың ой-өрісін кеңейтеді. Көрініс туралы ата- аналарына әңгімелеп беруге тырысады. Осының барлығы баланың сөйлеу қабілетінің дамуына, анық сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде жеткізуге септігін тигізеді.

Көгаршын АСҚАРОВА,
Көкшетау қаласындағы «Еркемай» балабақшасы
«Гүлім» тобының тәрбиешісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар