Мектеп жасына дейінгі балалардың саусағын ойната отырып, тілін дамыту

Саусақ ойындары мектеп жасына дейінгі балалар үшін өте маңызды. Саусақ ойыны – баланың ой өрісін, сөйлеу дағдыларын дамытады. Саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.

Саусақ ойыны, жаттығулары арқылы баланың сөйлеуге деген ынтасы, қабілеті дамып, артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөздерді айтуға тырысады және өлеңдегі сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен деген түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.
Мысалы: Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік, қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, тузету – тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.
Саусақ моторикасын дамыту үшін моншақты жіпке тізу, тақтайдағы бауларды байлау, түйме сала алуға үйрету жатады және саусаққа арналған театр қойылымдары үлкен үлесін тигізеді.
Саусақтың қозғалуы, баланың жасына сай болу керек. Ғылыми тұрғыда, балалардың тіл дамуы жіңішке қол арқылы дамиды. Жалпы моториканың және саусақтың қозғалуы жетіспеуі тілдік функциясына байланысты. Баланың қол еңбегі мен тілін арттыру үшін не істеу керек?
– Қолмен ермексазды жұмсарту.
– Әр саусақпен тасты, маймақты, шарикті айналдыру.
– Алақандарымызды жұмып ойын ойнау (таңертең тұрдық – ашылу, кешке ұйықтадық – жабылдық).
– Дәстүрден тыс бейнелеу өнері де жатады.
Мысалы, «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады, сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.
Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады.
Ақнұр БУКИНА,
Көкшетау қаласындағы «Еркемай» балабақшасы «Жұлдыз» тобының тәрбиешісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар