Ақын шығармаларына ынталы

Макин орта мектебінің оқушылары бүгінде қашықтықтан білім алып жатқандарына қарамастан, түрлі онлайн байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Жуырда Ақмола облыстық білім басқармасы жанындағы Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырған «Көңілім әнді ұғады» байқауында аталмыш білім ошағының 6-сынып оқушысы Меруерт Әбжанова Абайдың әндерінен поппури орындап, 1-орынды жеңіп алды.
Ал, осы байқауда «Абайдың қара сөздері» номинациясында 9-сынып оқушысы Раббия Жасантегі 3-орынды иемденді. Ақын аталарының қара сөздерін жатқа оқыған Виктория Стаматова, Жасмин Тәшімова мен Аяжан Қасымова сертификатпен марапатталды.
– Оқушыларымның Абайдың шығармашылығына деген қызығушылықтары зор. Мәселе байқауда жүлдегер атану емес, ақынның өлеңдері, қара сөздері арқылы шәкірттерімнің адамгершілік, ізгілік секілді қасиеттерді бойларына сіңіріп, білім мен ғылымға құштарлық танытып жатқандары қуантады, – дейді талапты шәкірттердің ұстазы Мәнсия Әбжанова.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар