Жерлес ғалымдар марапаты

Жерлес ғалымдар марапаты

Жуырда Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ғылыми кеңесі «ЕҰУ құрметті кафедра меңгерушісі» атағын тағайындау жөніндегі шешім қабылдады. Университет ректоры Ерлан Сыдықов мұндай ерекше құрмет кафедра меңгерушілерінің ерен еңбегі мен білім ордасының дамуына қосқан айрықша үлесі үшін берілетінін атап өтіп, бұл марапаттың алғашқы төсбелгісін елімізге белгілі ғалым, қоғам қайраткері Ғарифолла Есімге тапсырды.

Мұндай жоғары марапат алғандар қатарында біздің жерлесіміз, Зеренді ауданындағы Кеңөткел ауылының тумасы, химия ғылымдарының докторы, профессор Әуезхан Тәшенов те бар. Ол сондай-ақ, университеттің «Күлтегін» медалына ие болды. Әуезхан Кәріпханұлы университеттің химия кафедрасын 23 жыл бойы табысты басқарып келеді. Кафедра ұжымындағы 20 оқытушының докторлық және кандидаттық атақтары бар. Ә.Тәшеновтың жетекшілігіндегі ғалымдар АҚШ, Франция, Түркия, Германия, Ресей және басқа мемлекеттердің әлемдік деңгейдегі білім ордаларымен ынтымақты байланыс орнатқан. Бұл кафедра қызметкерлерінің сапалық деңгейі жоғарылығын көрсетеді.Мұндай жоғары марапат алғандар қатарында біздің жерлесіміз, Зеренді ауданындағы Кеңөткел ауылының тумасы, химия ғылымдарының докторы, профессор Әуезхан Тәшенов те бар. Ол сондай-ақ, университеттің «Күлтегін» медалына ие болды. Әуезхан Кәріпханұлы университеттің химия кафедрасын 23 жыл бойы табысты басқарып келеді. Кафедра ұжымындағы 20 оқытушының докторлық және кандидаттық атақтары бар. Ә.Тәшеновтың жетекшілігіндегі ғалымдар АҚШ, Франция, Түркия, Германия, Ресей және басқа мемлекеттердің әлемдік деңгейдегі білім ордаларымен ынтымақты байланыс орнатқан. Бұл кафедра қызметкерлерінің сапалық деңгейі жоғарылығын көрсетеді.Әуезхан Кәріпханұлының 300-ден астам ғылыми еңбегі Қазақстан мен шетелдік маңызды академиялық орталықтарында жарық көрген. Ол 4 докторлық, 4 кандидаттық диссертациялық еңбектердің жетекшісі. Ә.Тәшеновтің 5 оқулығы республикамыздың жоғары оқу орындарында қолданысқа енгізілген. Жерлес ғалым Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі мен «Қазақстан жоғары білім ордаларының үздік оқытушысы-2010» мемлекеттік грантының иегері.Әуезхан Тәшеновтің зайыбы Сәуле Досмағамбетова да Еуразия Ұлттық университетінің білікті ғалымдары қатарында. Ол –  химия ғылымдарының докторы, профессор. Жоғарыда аталған ғылыми кеңестің шешімімен, бұл күндері 60 жасқа толып отырған ғалымға «Леонид Гумилев» медалі табыс етілді.Біз қуаныш иелеріне құтты болсын айтып, айтулы ғалымдардың отбасына құт-береке тілейміз. «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *