Ғалымдардың тағы бір анықтамасы

Қытайлық эпидемиологтар қауіпті вирустың кеңістікте «өмір сүру» уақытын анықтады. Вирус ауада 30 минуттай қалқып жүреді, ал, адамдарға 4,5 метр жерден жұғады екен.

Хуань провинциясының ғалымдары автобуста науқастың 7 кісіге вирус жұқтыру жағдайын жіті зерттеген. Маска тақпаған ер адам өзінен 4,5 метр қашықтықта отырған тағы бірнеше адамға ауруды таратқан. Тағы бір маңызды жайт, келесі рейстен мінген жолаушы автобустағы барлық адам түсіп кеткеннен кейін 30 минут ішінде дертті жұқтырып алған. Сондай-ақ, дімкәс жан түшкіргеннен немесе жөтелуден қалып қойған тамшыларда вирус бірнеше күн сақталады. Бұған дейін коронавирустан айығып шығу үшін алты апта керек екені жазылған еді.  Сондықтан, барынша тазалық сақтап, сақтанып жүрейік.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар