Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында қариялардың үйіне дәрі-дәрмек жеткізіліп жатыр - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында қариялардың үйіне дәрі-дәрмек жеткізіліп жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Коронавирус пандемиясына байланысты Ақмола облысында қариялар мен дәрігерлерге волонтерлер көмекке келіп, дәрі-дәрмекті үйіне жеткізіп беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 65 жастан асқан адамдардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қауіпі жоғары болғандықтан олардың үйден шықпауына барынша жағдай жасалуда.

Көкшетауда бұл акцияға қалалық емхана жанындағы үш салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары қосылды. Волонтерлердің қолдауымен облыс орталығында диспансерлік есепте тұрған және тегін амбулаториялық дәрілерді алатын егде жастағы адамдарға дәрі-дәрмек үйлеріне жеткізіліп берілуде.

«Осындай қиын уақытта көмекке келетін белсенді жастардың болғанына қуанамыз. Бізде тіркелген 95 мың адамның ішінде 13 мыңнан астамы тегін дәрі-дәрмек алады. Бірінші кезекте әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдардың арасынан жасы ұлғайған адамдарға көмектесеміз. Наурыз мейрамы кезінде аталмыш акцияны бастап кеткен едік. Қазіргі кезде ол қолдау тауып, одан әрі жалғасуда», — дейді Көкшетау қалалық емханасының бас дәрігері Рысты Сыздық.

Жұмысқа кіріспес бұрын волонтерлер арнайы нұсқамалықтан өтеді. Сосын ғана қариялардың мекенжайы бойынша үйіне барып, дәрі-дәрмек үлестіреді.

«Біздің басты мақсатымыз – ата және әжелеріміз қаупті инфекцияны жұқтырып алмауын қамтамасыз ету. Бізде қиын кезде игі іске үлес қосқанымыз үшін қуаныштымыз. Бірлесіп игі іске атсалысайық!», — деп жергілікті жастарды ортақ іске атсалысуға шақырды Көкшетау жоғары медициналық колледжінің жанындағы «Милосердие» волонтерлер қозғалысының белсенділері Арман Кұрманғазиев пен Санжар Әбдірахманов.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/akmola-oblysynda-kariyalardyn-uyine-dari-darmek-zhetkizilip-zhatyr_a3633420

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар