Қиын кезеңнен күш-жігеріміз алып шығады

Қанат ҚАРАМОЛДИН, құрылысшы. Целиноград ауданы.

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінің беттерінен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына арнаған «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласын зейін қойып оқып шықтым.

Елімізге ғана емес, барлық әлемге қауіп-қатерін төндіріп отырған індетке қарсы тұруға шақырған Елбасы қазақтың ұлы данасы Абайдың «Кімге достығың болса, достық достық шақырады» деген қағидасын есімізге түсіріп, өзінің әрдайым халқымен бірге екендігін көрсетті.

Достық пен сенім туын берік ұстанған Қазақстан халқын қиын-қыстау мезетте рухтандырып, көрші елдермен тығыз ынтымақтастық, сондай-ақ, ауызбіршілік арқылы ғана еліміз жаман індеттен арыла алатынын меңзеген Тұңғыш Президент өз мақаласында сонымен қатар, еліміздің экономикалық дамуына қарқынды  ықпалын тигізіп отырған «Қазақстан -2050» стратегиясының маңыздылығын да баса айтты.

Қазіргі заманауи дамыған Қазақстанның сарқылмас күші – халықтың ауызбіршілігі,  бауырмалдық пен бір-біріне жанашырлықпен қарау екендігі түсінікті. Демек, еліміздің ең үлкен байлығы – адам және оның өмірі. Сондықтан, осындай қиын-қыстау сәтте ел азаматтарын ынтымаққа шақырған Елбасымыздың тілегі – бірлігі берік жұртының амандығы  деп білемін.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар