Зейнетақы мен жәрдемақы индексацияланды

31 наурызда республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырғанын, осыған орай, аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінетінін айтқан еді. Мемлекет басшысының осы тапсырмасына сәйкес зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақыларды жылдық тұрғыда 10 пайызға индексациялау жүргізілді. Осылайша 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақының ең төменгі мөлшері 40 441 теңгені құрайтын болды. Дегенмен, ел азаматтары көтерілген зейнетақы мен жәрдемақыны алып үлгерген жоқ. Себебі, Мемлекет басшысы тапсырма берген кезде азаматтарға сәуірдің ақшасы түсіп қойған болатын. Енді олар үстеме ақшаларын мамырдың төлемдерімен қосып бірге алады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар