Қазақстанда қыркүйектің әр екінші жексенбісі Отбасы күні болып аталып өтіледі. Бұл мереке біздің республикамыздың мерекелер тізіміне 2013 жылы енгізілді. Сол кезде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен жаңа мереке болып бекітілді. Биыл бұл күнді мерекелеу 12 қыркүйекке сәйкес келіп отыр.
Мерекенің тарихына сәл шегініс жасасақ, еліміздің әйелдер істері және отбасылық-демографиялық сая-сат жөніндегі ұлттық комиссиясы Қазақстанда Отбасы күнін жариялау туралы бастама көтерді. Бұл 2009 жылдан бастау алады.
Бүгінде республикада отбасын нығайту және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүйелі және кешенді жұмыс жолға қойылған. Отбасылық саясат мемлекеттің басты басымдығы болып табылады. Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде адами құндылықтардың, мәдениеттің және ұрпақтардың тарихи сабақтастығының сақтаушысы, тұрақтылық пен дамудың факторы болды және болып қала береді де. Отбасының арқасында мемлекет нығайып, дамып, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Барлық уақытта елдің дамуы отбасының қоғамдағы және оған қатысты мемлекеттің жағдайы бойынша бағаланды. Адамның өмірі отбасынан басталады, мұнда оның азамат ретінде қалыптасуы негіз болады.
Отбасы күні біздің өміріміздегі отбасының маңыздылығы туралы ойлануға және жақын адамдарға назар аударуға мүмкіндік береді. Жақын адамдарсыз өмір бос және келеңсіз болар еді. Отбасы әр адамға қажет. Отбасының негізгі мақсаты балалардың тууы мен тәрбиесі деп атауға болады. Отбасында бала адамдар арасындағы қарым-қатынас құпияларын түсінуге үйренеді, махаббатты және қамқорлықты үйренеді, отбасы арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа даналық және білім беріледі. Әрбір ерлі-зайыптыларда көптеген жеке мерекелер бар: олардың танысуы мен үйлену күні. Жастардың алғашқы таныстығы мен күміс тойына дейін, алтын және гауһар тойларға жеткізеді. Уақыт өте келе, отбасы күшейіп, мықтырақ болады.
Міне, осылайша мемлекет отбасынан басталады, отбасы – қоғамның ұясы.
Ағымдағы жылдың сегіз айында Ақмола облысының тіркеуші органдарында 3151 ерлі-зайыптылар арасындағы неке тіркелген. Ерлер арасындағы некенің ең ерте жасы 17 жас болса, әйелдерде 16 жас. Ал, отбасын құрудың ең кеш жасы ер адамдарда 85 жас болса, әйелдерде 71 жас. Сондай-ақ, некенің орташа жасы ер адамдар арасында 31 жас, әйелдердің орташа жасы 28, оның ішінде 167 неке шетел азаматтарымен жасалған ерлі-зайыптылық. Бұл жақын шетел азаматтары Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және алыс шетел азаматтарымен Германия, Түркия, АҚШ сияқты шет елдерді айтуға болады. Біздің көпұлтты елімізде ұлты мен жас айырмашылығы ешқандай рөл атқармайды. Өз бақытыңды ойлап, отбасыңды құруға ешқашан кеш емес.
Біздің Ақмола облысы бойынша тіркелген азаматтық хал актілерінің жұмысына тоқталар болсақ, дүниеге келген 8791 баланың туылғаны тіркелген, оның ішінде 4585-і ұл балалар болса, 4206-сы қыз балалар екен. Кемені қалай атайсыз ол солай жүзеді демекші, баланың дүниеге келуі өте қызықты және сонымен бірге, жаңа туған нәрестенің есімін таңдаудың күрделілігіне байланысты болып келеді. Мәселен, ағымдағы жылдың сегіз айында ұлдар арасында Әлихан, Әмір, Әли, Артем, Богдан, Матвей, Максим, Александр, Ислам, Алан, Алдияр, Давид, Нұрислам, Тимур, Марк, қыздар арасында – Медина, Айзере, Айлин, София, Томирис, Аяла, Әмина, Раяна, Айару, Асылым, Айша, Милан, Арина, Малика, Айша ең танымал есімдер болған.
Биылғы жылы Отбасы күні мерекесіне орай, Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ақпараты бойынша, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жас отбасыларға «Неке қию туралы куәлікті» тапсыру рәсімін өткізеді.
Ақмола облысының Әділет департаменті барша қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтайды! Және амандық пен молшылық жақсылық, табыс, бейбітшілік тілеп, алтын тойға жетіп, жас жұбайлардың мәңгі бірге қол ұстасып жүрулерін нәсіп етсін.
Фатима МАХМЕТЖАНОВА,
Ақмола облыстық
әділет департаменті бөлімі басшысының міндетін атқарушы.