Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыла көтерген жүк жеңіл - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Биылғы 2021-2022 оқу жылының алғашқы айында Егіндікөл аудандық білім бөлімі ауданның барлық мектептеріне тілдер онкүндігіне қатысты жоспар әзірлеп жіберді.

Осы жоспар негізінде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімдерінен тұратын әдістемелік бірлестік мүшелері «Тіл – татулық тірегі» тақырыбы аясында тілдер он күндігінің ашылу салтанатын ұйымдастырып, оны жоспарлы түрде жүзеге асыра бастады. Қыркүйек айының 6-сы мен 17-сі аралығында өткен бұл іс-шараның шәкірттердің бойындағы өзінің туған тіліне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін ұялатуға көп үлес қосқаны анық.
Себебі, біздің болмысымыз, салт-дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да, туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл – ата-бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың, даналардың сөздерін, өлең-жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз.
«Өнер алды – қызыл тіл» деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған, құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімізді қосуымыз керек. Тілдер онкүндігінде ашық тәрбие сағаттары, көңілді тапсырмалар, жас ақындар шығармашылығы, жас суретшілер байқауы, әдеби кештері өткізілді. Ауданымыздың барлық мектептері дарынды оқушыларының бойындағы игі қасиеттерді ашып, түрлі байқаулар арқылы балалардың туған тілге деген құрметтерін оята білді.
Бауыржан Момышұлы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген болатын. Сондықтан, тілімізді ұмытпай, әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстау керек деп білеміз.
Мағжан Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» деген. Тіл байлығы – әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тіліне, көзінің қарашығындай қарап, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы керек. Осының бірден-бір жолы онкүндіктер екендігі айдан анық.

Ахмарал БАЛШЫХ,
Егіндікөл №1 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар