Дау-жанжалдарды шешудің оңтайлы бір тәсілі

Жуырда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен медиация институтын дамыту бойынша республикалық семинар-тренинг болып өтті.

Семинарға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жоғары оқу орындарының педагогтары мен психологтары, кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Шараның ашылу рәсімінде Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Айдын Райысов құттықтау сөз сөйлеп, семинардың жұмысына сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» мекемесінің жобаларын іске асыру және құрылымдарымен жұмыс жүргізу басқармасының басшысы Талшын Италиева өз сөзінде медиация институты, жанжалды жағдайларды шешудегі медиацияның рөлі туралы айтып, этносаралық қатынастар саласында туындайтын дауларды, қақтығыстарды тиімді шешу үшін медиаторлар жұмысының форматын өзгертуді қазіргі заманғы сын-қатерлер талап етіп отырғанын атап өтті.

Содан кейін тыңдаушылар қазақ және орыс тілдерінде екі топқа бөлініп, практикалық сабақтарға қатысып, республикалық медиация кеңесінің мүшелері, этносаралық жанжалдар жөніндегі жаттықтырушылар Айнұр Сисенбаева мен Күлпаш Шалбулованың іс-тәжірибелерін тыңдады.

Шеберлік сабақтарында түрлі  салаларға медиацияны енгізу арқылы тиісті нәтижеге жетудің түрлі мысалдарын талқылады. Тыңдаушылар медиаторлар мен жанжалдасушы тараптар рөлдеріне еніп, белсенді түрде медиатордың дағдыларын игерді. Сабақ барысында семинар жүргізушілері тыңдаушыларға этносаралық медиацияның ерекшеліктері, этносаралық қақтығыстарды жіктеу және оларды шешуде медиацияны қолдану жолдары туралы айтып берді. Семинар соңында тыңдаушылар өзара пікір алмасып, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар