Спортшылар пансионатқа кітап сыйлады

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның айтуынша, Қажымұқан атындағы №3 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің спортшылары Көкшетау қаласындағы қарттарға арналған пансионатта тұрып жатқан жандарға арнап 200-ге жуық әдеби кітап жинап, сыйға тартты.

Әдетте, зейнеткерлер көп уақытын әдеби кітап оқуға жұмсайды. «Қартайғанда бір бала» деп қазақ бекерден-бекер айтпаса керек-ті. Адамға бәрінен де көңіл қымбат қой. Әманда жылы сөз, жақсы пейіл жан жадыратады. Хал-ахуалын сұрап, көңілін аулап, сыр бөліскеннің өзі қамкөңіл жанға зор демеу емес пе?!. Осы орайда, спортшылардың сауабы мол ізгі бастамасы әрине, құптарлық.

– Біз сыйлаған кітаптардың арасында көркем әдеби туындылар, энциклопедиялар, тарихи тақырыптағы романдар, мемуарлар мен жыр жинақтары бар. Біздің бастамамыз қарт адамдардың көңілдерін серпілтіп, қуанышқа бөлегенін көру біз үшін де аса маңызды, – дейді Қажымұқан атындағы №3 облыстық олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған мектебінің директоры Руслан Мусинов.
Кездесу барысында пансионат директоры Елена Кременецкая сөз сөйлеп, қарттарға кітап сыйлап, құрмет көрсеткен спортшыларға алғысын білдірді.

Ұлмекен ШАМЕНОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар