Ақмола облысы ТЖД дағдарыс орталығында су тасқынына қарсы облыстық штаб құрылды

.Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, штабтың міндетіне облыс аудандары аумағында су тасқынының алдын алу үшін мәліметтерді жинау, гидротехникалық құрылыстардың ағын сумен толтырылуын, өзен суларының ағысына мониторинг жүргізіп отыру жұмыстары кіреді.

Сонымен бірге су айдындарындағы су деңгейі көтерілген жағдайда жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қауіпті аймақтардағы халықты дереу хабардар етуге міндетті.

Су тасқыны кезеңінде «112» жедел желі және су тасқынына қарсы штабтың 8(7162) 55-14-84 телефонына хабарласуға болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар