Целиноград ауданында бір күнде 1 мың текше метр қар шығарылды

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Күн сайын жергілікті атқарушы органдар қар шығару, еріген суды сору, арықтарды тазалау және су тасқынына қарсы шараларды жүзеге асыруда. Целиноград ауданында бір күннің ішінде 339 текше метр су сорылып, 1 мың тоннадан астам қар шығарылды.

Бұл жұмыстар Ақмол аулының 1,2,3,4 шағынауданында да жүргізілуде. Гагарин, Черемушки, Исенов көшелерінде 100 текше метр, Қабанбай батыр ауылындағы Нұра көшесінде 140 текше метр еріген қар суы сорылды.

Қызылжар ауылында су өткізу арнасы тазартылып, елорда маңындағы Нұра өзені бағытында еріген қар суын бұру үшін 60 метр аумақ қардан тазартылды.

Талапкер ауылында Бөгенбай батыр, Қажымұқан, Баршын және №12 көшелерде қар шығару жұмыстары қарқынды қолға алынған. Қараөткел ауылында 59 текше су сорылды.

Бұдан бөлек, Ақмола облысының су айдындарында мұз жару жұмыстары  бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 29 наурызына бастап Р.Қошқарбаев, Қабанбай батыр, Тайтөбе, Ақмол, Қараөткел, Шалқар, Оразақ ауылдық округтерінің және Қосшы қаласы аумағындағы Нұра өзені арнасының 10 учаскесінде мұз жару жұмыстары басталды.

Аталған іс-шаралар су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде, мұз кептелісін барынша азайту және тасқын суды кедергісіз өткізу үшін жүргізіледі.

Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында аталған учаскелерде және олардың маңында жарылыс жұмыстарын жүргізгеннен кейін мұзға шығуға тыйым салынады! Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» құтқару қызметіне немесе «101» нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар