Облыс аумағындағы елді мекендерден 837 мың текше метр қар шығарылды

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық ТЖ департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев мәлім етті. Оның айтуынша, бүгінгі таңда өңірде су тасқыны кезеңі тұрақты режимде өтуде, белсенді фазаның басталуы әлі байқалмайды. 28 наурыздан бастап болжамды ескере отырып, азаматтық қорғаудың облыстық кіші жүйесі жоғары дайындық режиміне ауыстырылды, облыстық су тасқынына қарсы жедел штаб құрылды. Облыс аумағында су объектілерінде тұрақты мұз қату сақталады.

«Қазгидромет» РМК-нің мәліметінше, Есіл (Астана су қоймасына ағын), Сілеті (Сілеті су қоймасына ағын), Қалқұтан өзендерінің бассейндеріндегі ылғал қорының көлемі нормадан 12-22 пайызға төмен. Шағалалы өзендерінің бассейндерінде нормадан 8,6 пайызға жоғары, Жабай өзенінде 1,8 пайызға төмен болып отыр.

«Облыс аумағындағы елді мекендерден қар шығаруға қаржыландыру өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артты. Биыл осы мақсатта 773 миллион теңге қаржы бөлініп, 837 мың текше метрден астам қар шығарылды. Сонымен бірге, биылғы жылы өзен бетіндегі мұз  жару жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстар Атбасар, Целиноград, Аршалы, Сандықтау, Ерейментау аудандарында қолға алынды», – деді Нұрлан Атығаев.

Су тасқыны бола қалған жағдайда жергілікті атқарушы органдардан 2 мыңнан астам адам, 978 техника, 176 мотопомпа, 37 жүзу құралы жұмылдырылады. Бұдан бөлек, департаменттің жеке құрамынан 445 адам, 84 техника, 12 жүзу құралы, 97 мотопомпа әзірленді. Су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайда аудандарда департаменттің резервтік күштері мен құралдарын көшіру ұйымдастырылады. Басқа облыстардан көмек келетін болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар