Көкше жұрты батыр рухына тағзым етті

Аты аңызға айналған ұшқыш, екі мәрте Кеңес одағының Батыры, авиация генерал-майорыТалғат Бигельдиновтың туғанына 100 жыл толуына орай, облыс орталығы Көкшетау қаласындағы Батырға арналған ескерткіш-бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті. Салтанатты жиынға өңіріміздің ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, Көкшетау қаласыныңқұрметті азаматтары, сала басшылары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының  Ұлттық Ұлан5510 әскери бөлімінің қызметкерлері мен жастар қатысты.

Бюстке гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін, салтанатты жиынға жиналғандар даңқты жерлесімізді  бір минут үнсіздікпен еске алды. Жиын барысында Ақмола облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Руслан Қасымов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, КСРО және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері, отставкадағы полковник Николай Иванов сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.

– Талғат Бигелдиновтың есімі тарихта алтын әріппен жазулы.Осындай даңқты жерлестерімізге, ел үшін туған ерлерге құрмет көрсету,біздің аға буын алдындағы қасиетті парызымыз. Өскелең жас ұрпақ батырларға қарап бой түзеуі  керек. Ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрін арттырып, сертке адал, достыққа берік болуды насихаттауымыз қажет, – деп атап өтті Ғосман Төлеғұлұлы.

Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына 1 миллион 200 мыңнан астам адам аттанып, олардың жартысы соғыстан оралмады. 500-ден астам қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанды. Оның ішінде Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленген ұшқыш-шабуылдаушы, соғыс жылдарында 305 рет әскери шабуылға шығып, он шақты жау ұшағын жалғыз өзі жарамсыз еткен даңқты жерлесіміз Талғат Бигелдинов екендігін ерекше атап өтуіміз керек.

Батырдың 100 жылдық мерейтойы аясында облыс бойынша 100-ден астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіледі.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар