Биылғы жылғы 15 сәуір күні сағат 8.00-де Көкшетау қаласының «ТӘУЕЛСІЗДІК» алаңында Ақкөл, Атбасар, Бурабай, Зеренді, Біржан сал, Сандықтау, Шортанды, Целиноград аудандарының және Көкшетау қ., сондай-ақ «КОКЅНЕ» ӘКК ҰК» АҚ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.
Аталған жәрмеңкеде өңірдің 96-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 69,6 млн.теңгеге 70 тоннадан астам өнім ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтары жергілікті өндірушілердің 40-тан астам азық-түлік түрлерін сатып ала алады. Бағалар нарықтық бағадан 10-15% – ға төмен.
Облыс аграршылары 25 тонна ет және шұжық өнімдерін, 1,5 тонна жаңа балық, 125,0 мың дана жұмыртқа, 6,3 тонна сүт және сүт өнімдерін, 5,5 тоннадан астам ұн, 17,5 тонна картоп, 2 тоннаға жуық көкөніс және басқа да өнімдер әкеледі.