Ағалы-інілідей сыйласып өткен қос батыр

Мен жазғалы отырған екі кейіпкерім бір өңірде туып, бірі Ақмола қаласында (қазіргі Астана) оқыса, екіншісі осы қаладан Отан қорғауға аттаныпты. Бірі Ақкөл ауданының тумасы, екіншісі қазіргі Аршалы ауданынан. Бірі сыртқы жаудан елін, жерін қорғаса, екінші кеңестік қитұрқы саясаттан бес облысты  Ресейге қосылудан аман алып қалған батырлар. Олар өте қадірлі, халқының сүйіктісіне айналған Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов пен Жұмабек Ахметұлы Тәшенев. Бұл азаматтар туралы көп жазылды, әліде жазыла бередідеп ойлаймын. Өйткені, осы кісілердің ерлігі көпке үлгі, жастарды Отан  сүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеуге өте қажет.

Жұмабек Ахметұлы өткен ғасырдың екінші жартысында еліміздің бес облысы солтүстік көршімізге беру туралы әпербақан бастама көтерген Никита Хрущевтің бетін қайтарғаны, оңтүстіктің біраз жерін өзбек ағайындарға беруге қарсы шыққаны, орталық қазақ тілді газетіміздің орыс тілді газеттің аудармасы ғана болуына тойтарыс бергені, сөйтіп, ұлтының мүддесі үшін еренерлік жасағаны жөнінде көп жазылды. Қойгелді орта мектебінің бір кездегі шәкірті Дариға Дәулетбай былайдеп жырға қосады:

Қазақтың ұлан-байтақ даласына,
Көз алартқан дұшпанның қарасына,
Тайсалмай жалғыз өзі төтеп берген
Жұмабек Тәшенев шын дара тұлға!

Осы дара тұлға жерлесіміз әлі қазақ тарихынан өзіне лайықты орнын ала алмай жүр. Бейбіт күннің батыры өзіне тән мемлекеттік марапатқа ие бола алмай отыр. Қазақ елінің шамамен төрттен бір бөлігін сақтап қалу жолындакөзсіз ерлік жасап, лауазымды қызметін құрбан еткен Жұмабек Ахметұлы Халық Қаһарманына лайық шығардеп ойлаймын. Екінші мәселе, өзі сақтап қалған бес облыстан бір ауданның аты бұйырса дұрыс болар еді. Оған өзі туып-өскен Аршалы ауданы сұранып тұр. Соңғы жылдары Қарағандыда Бөкейхановтың, Қостанайда Майлиннің, Алматы облысында өзімен қатарлас қызметтес болған Қонаевтің есімдері берілді ғой. Үкімет осы мәселені оң шешеді-аудеген үміттемін. Осы аталған мәселелер 2025 жылы өтетін ол кісінің 110 жылдығына дейін шешілсе, құба-құп болар еді.Бұл кісінің Отансүйгіштік қасиеті мектеп оқулықтарына кіргізілсе дұрыс болар еді.

Ал, екінші батырымыз Сағадат Нұрмағамбетов он сегіз жасында әскери училищені бітіріп, 1943 жылы соғысқа кіреді. 1945 жылы взвод командирі, одан атқыштар батальонының командирі болып тағайындалды. Краснодар өлкесін, Украинаны, Молдовияны, Белоруссияны, Польшаны азатетуге қатысады. 1945 жылдың 27 ақпанында әскери тапсырманы асқан батылдықпен орындағаны үшін жиырмадан жана ғана асқан Сағадат ағамызға Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, кеудесіне Алтын Жұлдыз белгісі тағылады. Содан әскери оқуы,қызметі жалғасып кете барады. Еліміз егемендік алғаннан кейін №1 Халық Қаһарманы атағына ие болып,Тұңғыш Қорғаныс министрі ретінде Қазақстан әскерінің іргетасын қалаушылардың бірі емес, бірегейі ретінде  қажырлы еңбек етеді. Онымен қоса, бұл ағамыз қазақ еліндегі алғашқы армия генералы.

Осы екі ағамызды қысқаша сипаттай келе,«ақмолалық батырлар қандай қарым-қатынаста болды?» деген заңды сұрақ туады. Осы мәселеге байланысты бір-екі мысал келтіре кетейін. Сағадат Қожахметұлы 1945 жылдың қазан айында Берлиннен Петропавлға поезбен келе жатып,бірінші рет Жұмабек Ахметұлымен кездеседі. Жұмекең қазақи дәстүрмен қай елден, қай жерлерде соғысқанын, қайда бара жатқанын сұрап, кеудесіндегі Алтын Жұлдызын көріп, шын қуанғанын сездіреді. Осы жолы Жұмекең Сағадат жерлесін, әрі інісін үйіне шақырып,қонақ қылып жібереді. Екеуінің жас айырмашылығы тоғыз жыл. Алла жазса Сағадат ағамыздың туғанына 2024 жылы 100 жыл толады.Осы бағытта Ақкөл ауданының Еңбек ауылында «Ердің атынаелі сай болсын»деген айдармен бұдан үш-төрт жыл бұрын бағдарлама жасалып, оліске асырылып жатыр. Қысқаша айтқанда, автобанның бойына билборд қойылды, облыстық бюджеттен қаржы бөлініп мектептпен мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Музейі ашылды. Автобаннан ауылға дейінгі жол жөнделді, орталық көше жарықтандырылды, тағы басқа атқарылған істер бар. Ендігі басты шаруа, ол кісінің атындағы көшені абаттандыру және ескерткіш орнату. Осы соңғы мәселе бойынша Қорғаныс министрі Р.Ф.Жақсылықовтың қабылдауында болдым. Ол кісі бұл мәселені қабыл алып, еліне ескерткішорнатып береміздеп уәдесін беріп, менің көзімше қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді. Орындалатындығына үміттімін.

Жұмекеңмен екінші кездесулері 1959 жылы Мәскеуде СОКП-ының XXI съезінде өтеді. Сағадат ағамыз қонақ үйдесол кезде Түркімен Республикасында еңбек етіп жүріп, Қазақстаннан съезге қалай делегат болғанын Жұмекеңе жеткізеді. Сонда Жұмабек Тәшенев «Орта Азия әскери округіне Қазақстанда жатады. Біздің делегаттарда бір әскери адам болу керек. Сіздің кандидатураңызды мен ұсындым, Орталық Комитет қолдады» деп жауап береді. Тағы бірде Жұмекең Сағадаттың Алматыда әскери парадты жақсы өткізгендігіне ризашылығын білдіреді.

Сағадат ағамызда өзінің «Халықтың қайсар азаматы» еңбегінде Жұмабек жерлесінің жоғары дәрежелі лауазымды қызметтерінде жүргенде ұлты үшін,жері үшін қайсарлық танытқандығын мақтанышпен еске алады. Атақты композитор Шәмші Қалдаяқов «Менің Қазақстаным» әнінің Жұмабек Тәшеневтің Тың өлкесін сақтап қалудағыбатыл қадамын қолдау ретінде шыққанын еске алады. Екі батырда бірі ерте, бірі кейін о дүниелік болды. Енді олардың ісін жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Ел Президенті Қ.К.Тоқаев Сенаттың соңғы мәжілісінде сөйлеген сөзінде «Тәуелсіздігімізді сақтау және нығайту аса маңызды екенін тағы да еске саламын.Бұл –халқымыздың басты құндылығы» деген болатын. Ол үшін халықты, соның ішінде жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу бәріміздің басты парызымыз.

Еркін ДӘУЕШОВ,
ардагер ұстаз,
Астана қалалық Ардагерлер
кеңесі медиатобының мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар