Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қауіпті кеселмен күрес – әрбір азаматтың міндеті - АРҚА АЖАРЫ

Қауіпті кеселмен күрес – әрбір азаматтың міндеті

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету басты мақсат болып табылады.

Ең бастысы, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Қоғамның қабілеттілігі, оның ішінде, мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау мәселелерін зерттеудің арқасында артады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның жүйелі түрдегі күш-жігері қажет.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар қолдану қажет.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы ең ықтимал тәсілдері:

– мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оның алдын алу тиімділігін арттыру;

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру.

Осыған орай, департамент қызметтік құзыреті бойынша «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарының сақталуын қадағалап, талаптарының бұзылуына жол бермеу бойынша тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.

Департамент қызметкерлері арасында тоқсан сайын «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі талаптарының сақталуы жөніндегі сұрақтарды талқылау бойынша семинарлар, дәрістер, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметкерлер өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

Б.ҚАРАМЕНДИНА,
«Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД Солтүстік Қазақстан өңірлік инспекциясының басшысы. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар