Прокуратура тарланы

Айналасындағы жұртқа өнегелі ісімен, адал қызметімен жаққан, елден ерекшеленбей қарапайым өмір сүрген Өтеген Сейітов халқының есінде мәңгі қалады. 

Өтеген Сейітов Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Ақтоғай ауылында 1923 жылдың 15 қыркүйегінде дүниеге келді. Аумалы-төкпелі заманда жастайынан «тар жол, тайғақ кешудің», жетімдіктің зардабын көріп, Ұлы Отан соғысы басталғанда өзі сұранып майданға алынды және зұлым жаумен ерлікпен шайқасты. Жеңіс күнін Вена қаласындаатқыштар взводының командирі шенінде қарсы алды.

Майданнан келген бетте 1945 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданының прокуратурасындатергеуші қызметіне тағайындалды. 1953 жылы Алматы мемлекеттік заң институтын бітіріп, 1951-1959 жылдары Қазақ ССР прокуратурасының бөлім прокуроры, Алматы қаласы Совет ауданының прокуроры, Алматы облысының прокуроры, республика прокурорының бірінші орынбасары болды, ал, 1966-1984 жылдары Қазақ ССР-нің  Бас Прокуроры қызметін атқарды.

Ө.Сейітов 1977 жылы Кеңестер Одағыделегациясының құрамында Женева қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының қылмыстардың алдын алуға арналған бесінші Конгресіне қатысты.«Өмір өткелдері», «Советник юстиции» кітаптарын жарыққа шығарды және «Өнегелі өмір», «Жизнь достойная подражания»басылымдарының кейіпкері болды.

Сонымен қатар, төрт рет Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты,сегіз жылҚазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланды. Бірінші дәрежелі заң кеңесшісі, «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген заңгері», «Прокуратураның құрметті қызметкері» атақтары берілді.

Оның Ұлы Отан соғысындағы ерлігі «Қызыл Жұлдыз», бірінші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген  жауынгерлік медальдармен, ал, прокуратура саласындағы ұзақ жылғы жанқиярлық еңбегі екі рет «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет Белгісі» ордендеріменжәне көптеген медальдарымен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, КСРО Бас прокуратурасының және қоғамдық ұйымдардың көптеген Алғыс хаттарымен аталып өтті.

Өтеген Сейітов прокуратура саласында қызмет  атқарған  қырық жылдан астам уақытта тағылымы мол ұстаз, қоғам қайраткері, ақиқаттың ақ жолын өмірінің мәні етіп, өнегелі ғұмыр кешкен, сүйікті ісін жан-тәнімен мінсіз атқарып, кейінгі ұрпаққа үлгі болып тарихта қалған тұлға ретінде жүректерде өшпес із қалдырды. Ол 1997 жылдың 15 желтоқсанында дүниеден озды.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар