Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – әрбір азаматтың міндеті - АРҚА АЖАРЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – әрбір азаматтың міндеті

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық қоғамдағы азаматтардың өмір деңгейі мен әл-ауқатына тікелей әсер ететін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Әлемде бірде-бір мемлекет сыбайлас жемқорлықты толығымен жойған жоқ, онымен күрескен күнде тек қана деңгейін белгілі бір дәрежеде төмендетуге болады. Бір қуантарлығы, біздің мемлекет аталған әлеуметтік кеселмен белсенді түрде күресіп келеді, бұның жарқын дәлелі оны қысқарту үшін қабылданатын шаралар болып табылады.

БылтырҚазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілгендігін атап өту қажет. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданған уақыттан бастап, біздің мемлекетте сыбайлас жемқорлықты барынша азайту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында мемлекеттік қызметтің «мансаптық» моделіне көшу, ашық конкурстық іріктеудің тетіктері арқылы меритократия қағидаттары, құзыреттілік негізінде ілгерілеу көрініс тапқан. Топтық ауысулар үшін шарттар қысқартылып, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау жүйесі түбегейлі жаңартылды, жұмыс нәтижесіне қарай еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі сынақтан өтті. Осы жаңашылдықтардың арқасында қарапайым азамат өзінің материалдық, әлеуметтік, жағдайы мен мәртебесіне қарамастан, қалаған лауазымын иелену мүмкіндігіне ие болды, биліктің жоғары эшалонында туыстық байланыстары мен таныстарының болуы да оның жұмысқа орналасуына әсер етпеуі тиіс. Мемлекеттік қызметшілер жоғарылаған жағдайларда да солай.

Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға айтарлықтай оң әсер етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін қоғамның әлеуеті белсенді түрде пайдаланылып жатқандығын, бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болып табылатын қоғамдық бақылаудың күшейтілгенін атап өткен жөн. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанында қоғам өкілдерінен тұратын Арнайы мониторингтеу топтары құрылған, олардың басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруды бағалау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды факторларының бірі бизнес-процестерді автоматтандыру болып табылады.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қазақстандықтарды мемлекеттік қызметке қабылдау үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға жүгінген кезде тікелей байланысты болдырмауға арналған.2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 193 БҰҰ-ға  мүше елдердің арасында «электронды үкіметті» дамыту деңгейі бойынша рейтингте 29 орынға (2018 ж. – 39), ТМД елдерінің арасында – 1 орынға, Азия елдерінің арасында – 6 орынға ие болды. Ал, осыдан аз-ақ жыл бұрын, яғни, 2018 жылы әлемде 39 орында болатын.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметті «бір терезе» қағидаты бойынша алуға болады, бұл үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе электрондық үкімет порталы (www.egov.kz) арқылы жүгіну жеткілікті.

Алдын алу шараларынан басқа, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету күшейтілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар үшін мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуға өмір бойы тыйым салынды. Мысалы, бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам болашақта мемлекеттік мекемелерге тек басшы лауазымға ғана емес, сонымен қатар, әкімшілік персонал лауазымына да жұмысқа орналаса алмайды. Сонымен қатар, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі алынып тасталды. Парақорлық үшін жазаны ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеуге тыйым салынды.

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлығы үшін дербес жауапкершілік институты енгізілді. Басшы өз қарамағындағылардың іс-әрекеттері үшін жауапты болады. Олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының тіркелген фактілері профилактикалық жұмыстың әлсіздігін және басшылық тарапынан бақылаудың жоқтығын куәландырады.

Сыбайлас жемқорлықмемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне де аса қауіпті қатерлердің бірі. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінуі бекер емес. Мемлекеттегі сыбайлас жемқорлықты неғұрлым жою және азайту өмірдің барлық салаларына,денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және тағы басқа салаларға оң әсер етеді. Бұл кеселге қарсы тұру – елдің әрбір азаматының міндеті.

Самал ӘМЕНОВА,
Ақмола облыстық әділет департаменті
әкімшілік бөлімінің бас маманы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар