Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
 Ерекше білімді қажет ететін балаларға ерекше қамқорлық жасау маңызды - АРҚА АЖАРЫ

 Ерекше білімді қажет ететін балаларға ерекше қамқорлық жасау маңызды

Қазіргі таңда қоғамда ерекше жағдайдағы немесе ерекше білімді қажет ететін балалар деген ұғым қалыптасты. Мұның мәні мен мағынасын тәптіштеп түсіндіріп жатудың да қажеті жоқ. Сондықтан, мұндай жандарға мемлекет  ерекше түрде көңіл бөліп, ерекшеліктері бар жандар елеусіз қалмайтынын үнемі ашық түрде айтылып келе жатыр. 

Осындай ерекше жағдайда өмірге келген балаларды ортаға бейімдеу және қолдан келетін мүмкіндіктерді жасау үшін қолайлы жағдай тудыру мемлекеттің алдына қойып отырған басты бағдарламаларының бірі.   Ерекшелігі бар жандарды бала кезінен бастап, келешек өмірге бейімдеу, өздерін еркін сезіну үшін ыңғайлы орта қалыптастыру – білім беру ұйымдарының, әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеуге бағытталған жаттықтыру орталықтарының міндеті зор болып отыр бүгінде.

Мұндай орталықтар еліміздің барлық өңірлерінде өз жұмысын жүргізуде. Олар қалалар мен аудан орталықтарында, тұрғындар көп шоғырланған елдімекендерде де ашылып тұрақты түрде жұмыс жасап келеді.

Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және олардың тiршiлiк-тынысы, қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайтын заң да, мемлекеттік бағдарламалар да баршылық. Біздің елімізде қазір осындай топтарға жатқызылған 705 мың адам тұрады. Оның 421,5 мыңы еңбекке қабілетті жаста болса, 181,9 мыңы зейнеткер және 101,6 мыңы балалар болып отыр.  Өткен жылдың есебі бойынша Ақмола облысында шамамен ерекше жағдайда білім беруді қажет ететін балалардың саны 11 мың шамасында болған. Бұл көрсеткіш үнемі өсіп отыратындығы дәлелденуде. Себебі, өмірге келген әр 3 баланың қалыпты түрде дамуында ауытқушылықтар байқалады деп дабыл қағуда әлем ғалымдары. Әрине, бұл әлемдік көрсеткіш болғанымен, біздің елді де айналып өтіп жатқан жоқ. Сондықтан, маңыздылықты ерекше сезініп, әр ата-ана ең алдымен, өз баласының қалыпты түрде дамуына жағдай жасауы керек.

Ал, ерекше білімді қажет ететін бабаларға арналған орталықтарда мамандарға да ерекше талаптар қойылады,–дейді Целиноград аудандық №11 Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің  меңгерушісі Айсұлу Рахметова.Целиноград ауданы бойынша бір ғана түзеу кабинеті бар, оның негізгі ғимараты аудан орталығы Акмол ауылында орналасқан. Мұндай мекемелер уақыт өткен сайын көбейіп, балалар саны да артып отыр. Мысалы, бір ғана Қоянды ауылындағы біздің орталыққа қазір шамамен 70бала келеді. Қазіргі таңда мемлекеттің қолдауы себебінен әр мектеп пен балабақшалардың жанынан арнайы кабинеттер ашылуда. Бұл өз кезегінде ерекше білімді қажет ететін балалар үшін үлкен мүмкіндік болып отыр. Осы кабинеттерге  арнайы мамандар (логопед, дефектолог психолог) штаты ашылып, психологиялық педагогикалық қолдау көрсетіліп отыр. Мамандарды жетілдіру курстары да мемлекет тарапынан ұйымдастырылып отырады.

Барлығы ата-ананың баланың даму сәттерін бақылаудан шығарып алатындығынан басталады.  Нәресте 8-10 айында уілдеп, былдырлай бастайды. Міне, осы сәтте ата-ана баланың әр қадамы мен әрекетін бақылап, оның дамуына көмектесу қажет. Баламен сөйлесуі керек. Өкінішке орай, қазіргі таңда әсіресе, аналар нәрестенің белсенді даму уақытында  психологиялық тұрғыда жетілуіне шектеу жасап алады. Оны өздері байқамауы да мүмкін. Сондықтан, әр баланың дамуы мен жетілуі кезінде аса үлкен жағдайда мән берілу қажет, – дейді Целиноград ауданы бойынша №11 Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің білікті маман, логопед-дефектолог Гаухар Елемесова.

Қазіргі таңда кез-келген үйге бара қалсаңыз, бесікте жатқан баланың қолынан телефон мен смартфон түспейтін болған. Үлкендердің мазасын алмас үшін қолына телефонды беріп жатқыза салу әсіресе, жас отбасылары үшін қалыпты әдетке айналуда. Міне, ұрпақ үшін басты қасірет осында.

Кейбір ата-аналар орталықта болатын Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияға баласын әкеліп, бүлдіршіннің сөйлеу қабілетінің төмендігі туралы қорытындыны естіген сәтте өкініштерін жасыра алмай жатады. Тіпті, баласының сөйлмей қалуына тікелей телефонның кері әсері болғандығын мойындайтын көрінеді. Демек, ол ана баласының тілі шығатын сәтінде өз басының тыныштығын ойлап, телефонды ұстата қоюы нәрестенің мүгедек болуына әкеп соғуда деген сөз.

«Әр баланың қабілетін ашу маңызды» дейді аталмыш №11 орталықтың әдіскері Айнұр Бекмағамбетова. Ерекше күтімді қажет ететін балалар орталыққа келгеннен кейін белгіленген сабақ кестесіне байланысты маманмен жеке дара сабақтар өткізіледі. Шынымен де, кейбір балалардың жағдайы психологиялық тұрғыда ауыр болып келеді. Бірақ, маманның аты маман. Уақыт өте келе, оң нәтижелерді көреміз. Бұл енді біздің мамандардың біліктілігінің арқасы,–дейді Айнұр Бекмағамбетова.

Бүгінгі бүлдіршін – елдің ертеңі. Сондықтан6 баланы кішкентай кезінен келешек өмірге бейімдеу бүгіннен басталмақ. Дамуында ерекшелігі бар балаларды қазір мамандар төмендегідей 3 топқа бөліп қарағанды дұрыс деп көреді.

Логопед-дефектолог  Гаухар Елемесованың айтуынша,   бірінші физикалық дамуындағы ауытқулары бар балалар.  Бұл топтағы жандардың ақыл-ой дамуында ешқандай кемшілігі жоқ, тек физикалық тұрғыда кемшілігі бар жандарды жатқызамыз. Екінші – ақыл-ойында кемшілігі немесе психикалық кемшілігі бар жандар. Бұл топтағы адамдардың физикалық дамуы қалыпты. Тек ақыл-ойының дамуында ерекшеліктер болады. Ал, келесі үшіншісі, ол физикалық та, ақыл-ойы жағынан да толық тек сөйлеу ерекшеліктерінде белгілі бір кедергілер бар балалар.  Осы топтағы балалардың арнайы даму деңгейлеріне байланысты диагноздар қойылып, толық қалыпқа не икемге келгенше мамандардың бақылауында болғаны дұрыс.  Бұл жандарға арнайы білім беру мекемелері мен арнайы мамандар жұмыстар жүргізеді.  Логопед-дефектолог мамандардың бақылауын қажет ететін балаларға үнемі қоғам болып қол ұшын берген абзал.

Ерекше білімді қажет ететін балаларды еркін өмірге еш кедергісіз бейімдеу ең алдымен, мамандардың біліктілігінің негізі болмақ. Сондықтан, маманның сапалы болуы баланың қабілетті болуына мүмкіндік бермек. Бұл ретте, мемлекеттің міндетіне ғана жүгіне бермей ата-аналар өз тараптарынан да барынша қолдау жасап, баласының өмірге бейімделуіне қол ұшын беруі қажет. Бұл мәселені кез келген болашақ ана өз жадында берік ұстап, әр қадамын өз тарапынан бақылауға алғаны дұрыс болмақ.

Бердібек ХАБАЙ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар